Кооперативтік кәсіпкерлік курсына қош келдіңіз!
Бұл курс арқылы күнделікті сұранысқа ие тауарларға жұмсалатын ақшаңызды үнемдеуге болатын әдістерді үйренесіз деген сенімдеміз. Қосымша табыс көзін қайдан табуға болады, бұл виртуалды ақша емес. Бұл табыс көзіңізді күн сайын бақылауға болатын процесс түрінде болады. Өйткені әрбір жарнаның артында нақты актив бар. Егер сіз бірлескен дүкен сатып алсаңыз, бұл дүкеннің әрбір шаршы метрі сізге тиесілі. Егер кооперацияның көмегімен қонақүй сатып алсаңыз, бұл қонақүйде сізге нақты табыс әкелетін нөміріңіз бар.
Адамдардың кредиті көп, қиындықтары жетерлік, індет жайлаған қазіргі жағдайда табысқа жетіп, жақсы өмір сүру деңгейімізді сақтау немесе өмір сүру деңгейімізді жақсарту үшін тек бір шарт керек екенін түсінген маңызды. Ол үшін біз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Өйткені біз ынтымақтаса отырып, үй сатып алу, көлік сатып алу, емдеу, балаларымызды оқыту, күнделікті сұранысқа ие тауарларды сатып алу бағасын төмендете аламыз.
Біз осы курстың көмегімен әлдеқайда көп нәрсені жасап үйрене аламыз. Сіздің шығындарыңыздың барлығын қосымша кіріске айналдыруға болады.
Курс сізге осы кооперацияның барлық құралдарын тиімді меңгеруді үйретуге арналған. Курс кооперативтерді өз бетіңізше ашуға арналған. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Оқу барысында біз берген осы материалды пассив күйде тыңдап қана қоймаңыз. Сұрақтарыңыз болса, қойыңыздар, осы сайтқа жазыңыздар. Сізге қаншалықты оғаш болып көрінсе де, кез келген сұраққа жауап беруге дайынмын.
Қатысқаныңыз үшін рақмет, ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз! Бір-бірімізге көмектесу арқылы өмірімізді жақсартатынымызға сенемін. Біз елімізді жақсарта түсеміз, байытамыз, тиімді етеміз әрі гүлдендіре түсеміз.