12. КООПЕРАТИВТІ БИЗНЕС-АКСЕЛЕРАТОР, СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ЖЕТКІЗУШІ

Сертификатталған жеткізуші

Жарнашылардың ақшасын қорғау үшін біз Сертификатталған жеткізуші деген функцияны енгіземіз.
Сертификатталған жеткізуші дегеніміз не?

Кез келген кооператив жұмыс істеген бір жылдан кейін қаржылық негізгі ұйымға айналады. Қаржылық негізгі ұйым дегеніміз не? Кооперативтің айналасында ЖШС, ЖК құрылады. Сізде шартты түрде алғанда, 250 000 000 бюджет бар, өз жарнашыларыңызға бензин сатып ала аласыз, олардың туристік сапарын төлей аласыз. Жарнашылардың 3 000 000 тг бар, әрине, бұл мүмкін. Мына компания бензин жеткізеді делік, анау компания туристік жолдама береді. Олардың бәріне клиент керек, олар үшін кооператив бұл керемет пайда. Кооператив құрылған кезде сіздер жарнашы ретінде кез келген бизнес аша аласыз, ол өркендейді. Егер сізде бірнеше мың жарнашы болса, сіз оларға дәретхана қағазын жеткізіп, өз үлесіңізді алып отырсаңыз, кепілдендірілген табысыңыз бар деген сөз. Кедей болмайтыныңыз анық. Егер маска, қант, нан жеткізсеңіз, кепілдендірілген өткізетін жер және кепілдендірілген пайда бар деген сөз. Тағы бір жақсы жері бар, сатып алу үшін банкке барып, қымбат кредит алудың қажеті жоқ. Кооперативтен ақша алып, сол ақшаға тауар сатып аласыз. Бірден бүкіл қонақүйді сатып ала аласыз. Түркияға немесе Египетке 2 мың адам жібере аласыз. Бұл сіздің қаржылық негізгі ұйымыңызға бекітілген бір ғана шағын жеткізуші болады.

Кооперативті бизнес акселератор

Бизнес акселератор не істейді? Ол әрбір тұтынушыны сертификаттайды, өйткені қауымдастық ретінде біз үшін жарнашылардың мүдделері мен ақшаның қорғалуы маңызды. Кооперативтен ақша ұрлаудың жалғыз жолы – ақшаны жалған компанияларға аудару. Бұған жол бермеу үшін біз «Кешіріңіз, сіз сертификаттаудан өтуіңіз керек. Егер осы үлкен ақшаға қол жеткізгіңіз келсе жеткізуші ретінде сертификатталуыңыз керек» деп айтамыз.
Мен үшін Кооператив төрағасының ақшаны қайда болса, сонда жібермеуі үшін жарнашы ақшаларының қорғалуы маңызды. Ол ақшаны сенімді компания екенін дәлелдегендерге ғана жібере алады. Осының арқасында біздің идеямыз іске асады. Ешкім біздің қауымдастықты мұның бәрін заңсыз басып алды деп айыптамауы үшін жасалады. Сіздер барлық арналарды қысып, бәрі сіздер арқылы өтетіндей етіп жасап қойдыңыздар деп айыптауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін біз: «Жігіттер бизнес  акселератор ретінде сертификатталыңыздар, кооператив құруды үйреніңіздер, содан кейін жұмыс істеңіздер, жеткізушілерді сертификаттаңыздар» дейміз. Жеткізушілерді сертификаттау ақылы түрде жүзеге асырылады. Бизнес акселератор жеткізушілерді сертификаттайды.

Сіз басқа кооперативтерді оқыта аласыз және басқа компанияларды сертификаттай аласыз. Басқа компаниялар бұл ақшаға қол жеткізу үшін Бизнес акселераторлардың тізілімінен өздеріне керегін, яғни жақын жерде орналасқанын, баруға ыңғайлысын таңдауы керек. Содан кейін комиссия барып, бәрін зерттеп, базаны қарағаннан кейін, бұл компанияның бір күндік емес екені туралы есеп береді де, сертификаттайды.

Осының арқасында біз ұрлыққа жол бермейміз. Компанияларға кірістің болуын қамтамасыз етеміз, өйткені кез келген бизнеске кредит алудың қажеті жоқ, ол тек кооперативтерге қызмет ете алады және ешқандай тәуекелсіз-ақ бай адам бола алады.

Мұнда тағы бір маңызды нәрсе бар, ол жазылымды сатады. Жазылым дегеніміз не?
Мынау – кооператив агенті, ол жарналарды сатады. Кооператив жарналарын сатудың кереметтігі неде?
Жарнаны салған кезде қашанда оны өзіндік құнымен саласыз.

Бағалау шығынды әдіспен жүзеге асырылады. Бұл жобаны бастау үшін қанша ақша қажет. Жарнаны сатқан кезде ол кіріс әдісімен бағаланады. Бір немесе екі, үш немесе бес жылда жарна қанша ақша әкелуі мүмкін. Осының негізінде баға жағынан үлкен айырмашылық орын алады. Сізде кооперативті ашқаннан кейін қымбатырақ сату үшін жарналарды бірден сатып ала бастайтын адамдар пайда болады. Олардың бәрі елде қандай кооперативтер ашылып жатқанын білгісі келеді. Ал кооперативті бизнес акселераторлар бұл жазылымды сата алады. Ақпаратқа қол жеткізу, қандай жарналар бар, олардың бағасы және т.б. ақпарат беретін жазылым жылына 10 мың теңге тұрады.

Бұл оқыту курсы бәріңізде бірдей. Айырмашылық тек емтихандарда. Сіз барлық үш емтиханды тапсырып, барлық үш мамандықты игере аласыз. Сіздердегі қолжетімділік сәл өзгеше болады.
Кооперативті бизнес акселератор лицензия алған кезде сіздің жұмыс кабинетке кіруіңізге рұқсат береміз.
Кооператив агентінің де жұмыс кабинетіне кіру мүмкіндігі бар, бірақ ол алдымен сертификат алады, содан кейін ол жарнаны тіркеуі үшін  жұмыс кабинетіне кіретін Бірыңғай ұлттық кооперативтік жарналар тізілімімен шарт жасасуы керек.

Үш мамандық та сізге жақсы табыс әкеледі. Олардың бәрі бір-бірімен байланысты.
Басқа кооператив үшін кооператив төрағасы кооператив агенті бола алады, бірақ ол өз кооперативі үшін бола алмайды. Егер үлгере алсаңыз, заң бойынша жүз кооперативтің төрағасы бола аласыз.

Нарықтық бизнес моделі жойылады. Оның орнына ортақ модель келеді. Бұл біз айтып отырған кооперативтер немесе шеринг экономика. Бізде бәсекелестік жоқ, біз тек бір-бірімізге көмектесеміз.

Мен сіздерге айттым ғой, болашақта адамдардың 80%-ы жұмыс орындарынан айырылады, олардың орындарына роботтар келеді. Ал кооперативтерде роботтар сіздердің орындарыңызды баса алмайды.  Сізде қашанда жұмыс болады. Кооперативтің маған ұнайтын тағы бір қыры – осы. Жарналарды тарту нарығы бұл – жаһандық нарық. Жарнаны сатып алуға дайын ақша массасының көп мөлшері бар.
Қазақстанға шетелден инвестор тартқан кезде инвестициялар тартудың күрделі жүйесі бар. Ол үшін инвесторды тарту схемасын білу қажет.

Мысалы, сіз бизнес-жоба аштыңыз, инвестор тартқыңыз келеді. Ол сіздің бизнесіңізге тікелей ақша сала ала ма? Жоқ. Ол ақшаны ұлттық банкке салады, онда арнайы шот бар. Олар ақшаның пайда болу жолын зерттейді. Содан кейін ғана ол ақша бизнеске жұмсалады. Банктегі ақша жылдар бойы жатуы мүмкін.
Кооператив құру арқылы сіз біртұтас жүйе құрасыз. Өзіңіздің кооператив агенттеріңіз болады, олар болашақта агенттіктерге, кооперативті бизнес-акселераторларға айналады деген үміттемін. Бастапқыда бизнес тәжірибеңізді сипаттай алсаңыз, бизнесіңіздің жағдайын франшиза ретінде көре алсаңыз, оны бизнес акселератор оны ҚР-ның өңірлерінде, сондай-ақ бүкіл әлемде жаңғырта алатындай етіп дайындау керек.
Және оған басшылық ету керек. 

© 2025 "Қазақстан Республикасы Кооперативтерінің және экономикалық қауымдастықтарының басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығы"
Tilda Publishing