Кооперативті қалай ашуға болады?
I. Кооперативті ашқан кезде оның құрамында ең аз дегенде екі қатысушы болуы мүмкін. Бұл екі жеке тұлға не екі заңды тұлға болуы мүмкін, не болмаса бір жеке тұлға және бір заңды тұлға болуы мүмкін.
II. Кооперативті ашу үшін «Тұтыну кооперативтері туралы» ҚР заңына сәйкес бастамашыл топ құрылады. Бұл кооператив құру идеясын ойлап тапқан адамдар.
Бастамашыл топ не істейді, ол кооператив үшін келесі құжаттарды толығымен әзірлейтін Кооперативті Бизнес-акселераторды немесе Кооператив агентін жалдайды:
1. Кооперативтің бизнес-жоспары. Бұл ЖШС бизнес-жоспарынан сәл өзгеше.
2. Кооперативтің жарғысы. Ұлттық кооперативтер қауымдастығы ұсынған үлгілік жарғына негізделеді. Онда қашанда ерекшеліктер болады. Бірақ Кооператив агенті мен Кооперативті Бизнес акселератор қашанда ҚР Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы ұсынатын үлгілік жарғының негізгі ережелерін негізге алуы тиіс.
3. Кооперативтің құрылтай шартын дайындайды, онда жарналар, бүкіл сома көрсетіледі, қанша жинау керек екені бизнес-жоспарда көрсетіледі, бірақ осы кооперативке тауарлар мен қызметтерді жеткізу бойынша шарттар қалай және кіммен жасалатыны осында жазылады.
4. Бірінші жылға арналған шаралар жоспары.
Бастамашыл топ Кооперативті Бизнес-акселератормен немесе Кооператив агентімен келісімшарт жасасқаннан кейін, осы құжаттардың бәрін дайындап, осы жерде қандай комиссия алатынын айтады. Немесе Кооперативті Бизнес акселератор бұл модельді ұлғайтады, өйткені ол Ұлттық кооперативтер қауымдастығының тізілімінде бар дайын модельді ұсына алады. Немесе Кооператив агенті оларға іс-шаралар жоспарын ұсынуы үшін жаңа жоспар құрылады.
5. Кооператив агенті құратын роад-шоу іс-шаралар жоспары – бұл жарнашыларды кооперативке тартатын нақты іс-шаралар жоспары.
III. Құрылтай жиналысы. Бұл Кооператив агенті осы кооперативке қосылғысы келетін жарнашылардың жеткілікті санын жинағаннан кейін орын алады. Құрылтай жиналысы өткізіледі. Құрылтай жиналысының нәтижесі: жиналыстың Хаттамасы, бекітілген жарғы және бекітілген құрылтай шарты. Осы үш құжатпен әділет органдарына барады.
IV. Әділет органдарында тіркеу.
V. Әділет органдарында тіркелгеннен кейін Кооператив агенті осы кооперативті Ұлттық бірыңғай кооперативтік жарналардың тізілімінде бір апта ішінде тіркеуге міндетті. Жарнашы осы кооперативтен кірістер мен артықшылықтарды басқарудағы және алудағы даулы сәттерге жол бермеу үшін оның үлесі, кооперативтің тізілім нөмірі нақты көрсетілген осы тізілімнен үзінді алады.
Бұл сіздің өміріңізді жақсы жаққа өзгертетін кооператив құрудағы бес қадам.