Бірінші қадам: Бастамашыл топ
Бірінші кезекте бастамашыл топ құрасыз. Немесе Кооперативті Бизнес акселератор келіп, «мынадай идея бар, бастамашыл топты жинайық» деп айтуы мүмкін.
Содан кейін Кооператив агентін жалдай аласыз. Кооператив агенті кооперативтің бизнес-жоспарын жазады - Кооператив агенті немесе Кооперативті бизнес акселератор. Егер дайын модель болса, онда оны Кооперативті бизнес акселератор жасайды. Бірақ онда бәрі жазылған. Егер бұрын кооператив ашқан болсаңыз, сіз барлық сандарды білесіз. Егер сіз бұл модельді бірінші рет іске асырып жатсаңыз, оны Кооператив агенті жасайды.
Кооператив агенті кооперативтердің қалай жұмыс істейтінін біледі. Ол бизнес-жоспар дайындайды, жылдық жоспар дайындайды, жарғы дайындайды. Өйткені үлгілік жарғы болса да, әрбір кооперативтің өз ерекшеліктері болады, бірақ кооперативтің жарғысы үлгілік жарғыға қайшы келмеуі керек. Оның мақсаттары мен міндеттері әртүрлі болуы мүмкін. Десе де сізге берілген үлгілік жарғыда біз негізгі мақсаттар мен міндеттерге ақшаны әрі қарай тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін әмбебап мақсаттар мен міндеттерді жаздық.
Жарғыдан кейін Кооперативтік агент құрылтай шартын дайындайды, содан кейін РШ (Роад-шоу) жасайды, яғни жарнашыларды тартады. Ол құжаттардың толық тізімін ұсынуы керек. Кооператив агенті пайыз алады (сіз онымен келісе аласыз), ол өзінің пайызын немесе әр жарнадан алатын сомасын айта алады. Жарнаның құны, мысалы, 50 000 теңге және әр жарнадан 5 000 теңге болады. Мүмкін, маған 100 000 теңге төлейсіз, мен сізге бәрін жасап беремін деп айтуы мүмкін.
Бизнес идея кез келген адамға тиесілі болуы мүмкін, бірақ сіз бизнес-акселераторды жалдай аласыз, ол кооператив моделін қайталайды, өз үлесін алады және осы модельді ойлап тапқан адамға үлесін береді. Ол делдал, орындаушы. Кооперативті бизнес акселератор – бұл функционалдық бірлік, ол құжаттарды дұрыс рәсімдейді, дұрыс оқытады. Бұл идеяның иесі мүлдем басқа адам, адамдар тобы, тіпті, кооператив болуы мүмкін.
Бастамашыл топ жұмысының соңғы кезеңі – құрылтай жиналысы, бұл тек құрылтай жиналысы, бұл әлі тіркеуді білдірмейді.
Екінші қадам: Құрылтай жиналысы
Құрылтай жиналысында жарғыны, құрылтай шартын бекітесіз және Кооператив төрағасын таңдайсыз. Хатшы деген жерге Кооператив агенті қол қояды, бұл үлгілік жарғыда жазылған. Кооператив агенті барлық құжаттарды бекітеді, барлығы қол қояды. Құрылтай жиналысынан кейін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырасыз.
Үшінші қадам: Мемлекеттік тіркеу
Мемлекеттік тіркеу кезінде сіз кооперативті заңды тұлға ретінде тіркейсіз, онда сіздің үлестеріңіз тіркелмейді, жарнашылардың бастапқы құрамы тіркеледі.
Төртінші қадам: Бірыңғай ұлттық кооперативтік жарналар тізіліміне тіркелу
Біз Бірыңғай ұлттық кооперативтік жарналар тізілімін (БҰКЖТ) енгіздік, Кооператив агентінің БҰКЖТ берген сенімхаты бар. Осыдан кейін Кооператив агенті сіздің кооперативіңізді тізілімге қосады, ал әрбір жарнаны тізілімге бөлек қосады. Кооперативті тізілімге енгізгеннен кейін, онда бизнес-жоспар, жылдық жоспар, кооперативтің жарғысы көрінеді. Құрылтай шарты онда жоқ, өйткені оның функционалды маңызы жоқ. Сізге жарнашыны қосу туралы хаттамаға енгізілген басқарманың шешімі маңызды болады. Кооперативтің жарғылық капиталы жоқ, оның мәні неде. Адамдар мүлдем ақша жинамайтын кооперативтің бір түрі бар. Адамдар өз пәтерлерін кепілге береміз деп айтатын кооперативтер бар. Барлық кепіл мүлкін жинап алған Кооператив банкке барып: «Міне, менің кепілге қоятын мың пәтерім бар, маған қандай кредит бересің?» дейді. Бүкіл банк сізге құшағын айқара ашады.
Ақша бермейтін, тек өз мүлкін кепілге қоятын кооперативтер бар. Кооперативті Бірыңғай ұлттық кооператив жарналарының тізіліміне тіркегеннен кейін сіз сайтта бірден пайда боласыз. Кооператив, жарнашылар, олардың үлестері пайда болады. Сонымен қатар Ұлттық қауымдастықтың талабы бойынша кооператив жарнашылардың алдында жылдық есеп тапсыруы керек, оған қоса олар есептің көшірмесін Бірыңғай ұлттық кооператив жарналарының тізіліміне тапсыруы керек. Бұл не үшін маңызды? Кооператив жыл сайын өзінің кірісін жариялаған кезде жарнаның нарықтық құны пайда болады. Бұл өте оңай есептеледі: кооперативтің кірісі жарнашылардың санына бөлінеді.
Тізілімге тіркелгеннен кейін сіз ресми түрде тіркелген кооператив боласыз. Сайттан кез келген уақытта тізілімнен үзінді көшірмені ала аласыз. Түймешені бассаңыз, белгілі бір кооперативтің жарнашысы екеніңізді көрсетеді, сіздің тізілім нөміріңіз осындай, кооператив мынандай, бұл кооперативтегі үлесіңіз осындай деп тұрады. Неліктен біз мұны жасадық? Өйткені бұрын жарнашылардың бүкіл жазбалары тек төрағада сақталған. Бұл ең сиқырлы журнал болатын. Ол өздігінен жанып кететін, не болмаса, оған тағы бір нәрсе болатын. Мен өзім саяжай кооперативінің жарнашысымын, жыл сайын байқұс журналға неше түрлі нәрсе болатын: бірде ол күйіп кетеді, бірде суға батып кетеді, бірде жыртылады, бірде оны ит жұлмалап тастайды. Барлығы сол журналда болатын. Кооператив төрағасының мақсаты қандай? Жарнашыларды жою!
Қазір олай болмайды! Қазір жарнашылар туралы жазбалар кооператив журналында, Бірыңғай тізілімде сақталады, сонымен қатар жарнашы барлық мәліметтері бар үзінді көшірмені өзі жасай алады және өз үйінде сақтай алады. Енді оны ешкім кездейсоқ өшіре алмайды. Ашық, қолжетімді, жазбаны ешкім өшіре алмайды. Егер тізілімде кенеттен жазба өшірілсе, бұл бір ғажайып болмақ. Өйткені біз блокчейн технологиясын енгізіп жатырмыз, онда жазбаны өшіру мүмкін емес. Бірақ сіз не істей аласыз? Егер ол жерде өшірілсе, сіз журналды әкеліп, қалпына келтіре аласыз. Сонымен қатар, біз тізілім жазбасын жасырмаймыз. Ол қашанда көпшілікке қолжетімді. Сіз қашанда тізілім жазбаңызды және онымен не болғанын тексере аласыз, сонымен қатар сізде үзінді көшірме бар. Тіпті, жарнашыларға тізілім нөмірін алған кезде оны шығарып алуды ұсынамыз. Сондай-ақ кооператив төрағасы қандай пайлардың қалай бөлінгені туралы жазбаны сақтайды.
Жарна туралы ақпарат 3 жерде сақталады, оны өшіру мүмкін емес. Бірақ бұл сізге жарнаңызды еркін нарықта сатуға және табыс табуға құқық береді.
Неліктен кооперативтер бұрын кедей болған, өйткені барлық кооперативтер операциялық қызметтен ақша тапқан. Мінеки, олар қаншама ақша тапқан, сол жерден 10%-ын алып, қалтасына салады. Кооперативті ұйымдастырушы одан көп ақша таба ала ма? Жоқ! Себебі кез келген кооператив іске қосылған кезде ол шығын әдісімен іске қосылады. Жарнашылардан 73000 теңгеден жинасаңыз, осы соманың 10%-ын алсаңыз, сізде небәрі 800 мың теңге шығады, бұл теңіздің бір тамшысындай ғана.
Мемлекеттік орган бұдан былай жарнашыларды тіркемейді. Қайтадан әділет органдарына барып, олардың қызметтерін төлейді. Санкт-Петербургтегі сияқты 400 000 қатысушысы бар кооператив бар деп елестетіңізші. Ал жарнашыларды ресімдеу жарнашылардың жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Басқарма оны қабылдады, бірақ бәрібір бәрі дауыс беруі керек. Елестетіп көріңізші, сіздер 400 000 адамсыздар, сөйтіп 400 001 мүшені қосамыз деп шештіңіз. Бұл ыңғайсыз. Сонымен, Басқарманы айналып өтіп, Кооператив агентіңіз арқылы тізілімге өзгерістер енгіздіңіз. Неліктен Кооператив агенті көп ақша таба алады, өйткені сіз оны Кооператив агенті арқылы тізілімге тіркедіңіз. Тізілім басқарманың шешімін және жалпы жиналыстың шешімін талап етеді.
Кооперативтің қалай құрылатыны түсінікті болды.
Схема. Мәнін ашу.
I БТ – бастамашыл топ → Кооператив агенті
1. КБЖ – кооперативтің бизнес жоспары
2. ЖЖ – кооперативтің жылдық жоспары
3. Жарғы
4. Құрылтай шарты
5. РШ – роадшоу (жарнашыларды тарту тетігі)
Кооператив агенті бастамашыл топқа жарнашыларды тарту бойынша жұмыс жоспарын ұсынуы керек. Ол жарнашыларды қалай тартады, тұсаукесерді қайда өткізеді, әлеуметтік желілер арқылы таратады, халықпен кездеседі және т.б. Неліктен мұны істеген маңызды? Бастамашыл топ кооператив агентіне ақша төлейді. Бастамашыл топ бойынша заңда шектеулер жоқ, 1 адам болуы да мүмкін. Кооперативтерді тіркеу кезінде ғана шектеулер бар.
II. ҚЖ – құрылтай жиналысы.
Құрылтай жиналысында жарғы, құрылтай шарты қабылданады, Кооперативтің төрағасы белгіленеді. Мұның бәрі бірге хаттама түрінде жасалады.
III. МТ – мемлекеттік тіркеу (Әділет басқармасы)
Тұтыну кооперативін тіркеу бір айға дейін созылуы мүмкін, өндірістік және ауылшаруашылығы кооперативін тіркеу 10 минутта іске асырылады.
Өйткені тұтыну кооперативінде миллиардтаған бюджет бар. Басқа кооперативтерде сіз функционалдылықпен шектелесіз. Онда кеңеюге болмайды. Ал тұтыну кооперативінде күшті идеяңыз, керемет жобаңыз, IT-жобаларыңыз, тамаша шешімдеріңіз болса, жарты жылда миллиардтаған теңге таба аласыз.
Бірақ біз Ұлттық қауымдастық ретінде үлгілік жарғы әзірледік, қазір үлгілік жарғыларды тез тіркеу үшін әділет органдарымен жұмыс істеп жатырмыз.
IV. БТ – Бірыңғай ұлттық кооперативтік пайлардың тізіліміне тіркеу
Мемлекеттік тіркеуден кейін Бірыңғай ұлттық кооперативтік жарналардың тізіліміне барасыз, дәлірек айтсақ, оған Кооператив агенті барады. Ол мемлекеттік тіркеу құжаттарын, жарғыны, шартты, бизнес жоспарды, жылдық жоспарды ұсынады. Содан кейін ол жарнаның бастапқы бағасын біле отырып, Тізілімге тіркейді.
Кооператив агенті Тізілімнен сенімхатпен бірге өзінің жұмыс кабинетінің кілтін алады. Кооператив агенті ретінде жұмыс кабинетіне кіргенде, сізде «жаңа кооперативті тіркеу, жаңа жарнашыны тіркеу» деп жазылып тұрады. Кооперативті тіркеген соң, жарнашыларды тіркеген соң жүйе сізден шартты, құрылтай басқармасының шешімін, жалпы жиналыстың шешімін талап етеді, мұның бәрі тіркеледі және бәрі онлайн жасалады. Әйтпесе, сіз тіркелу үшін бір жерге барсаңыз, мұның бәрі артық жұмыс болып кетеді, сондықтан бәрі онлайн және смартфон арқылы.
Кооператив агенттерінің сайтында кооператив агенттерінің базасы бар, сіз солардың ішінен таңдайсыз, өйткені сіз кез келген адамды жалдай алмайсыз, тек сертификатталған кооператив агенттері болуы керек. Бізде бизнес акселераторлардың портфолиосы бар, Кооператив агенттерінің портфолиосы жоқ.