Бүгінгі сабағымыз кооператив агентіне, кооперативті басқару органдарына, сатып алу жүйесіне, жарғының негізгі ережелеріне және кооперативтен шығару әдісіне арналады. Содан кейін бизнес-жоспар құруды үйренеміз. Бизнес-жоспар бұл өте маңызды. Дұрыс жасалған бизнес-жоспар сізге табыс әкеледі.
Сатып алу әдісі түсінікті, Кооператив төрағасы www.kooperativ.kz сайтын ашады да, сертификатталған жеткізушілердің тізілімін қарайды. Қажетті компанияны табады, ал егер тізілімде компания болмаса, онда ол қызмет алғысы келетін жеткізушілерге сертификаттаудан өтуді ұсынады. Егер компания келіспесе, бұл оның проблемасы. Ол басқа компанияға жүгіне алады, меніңше, нарықта бәсекелестік өте үлкен.
(Залдан сұраққа жауап) Портфолио – бұл қызметтер. Егер біз өндірісті алсақ, онда өндірістік база бар. Егер консалтинг қызметтерін немесе нотариалды қызметтер, қаржылық консультациялар болса, олардың өндірістік базасы жоқ, оларға міндетті түрде портфолио қажет. Арнайы талаптар жоқ. Бұл ақша шығаратын компания емес, салық төлейтін шынайы компания екенін түсінуіңіз керек. Біздің мақсатымыз ақша шығаратын жүйелер жұмыс істемеуі үшін жарнашылардың ақшасын қорғау.
Сатып алу жүйесі өте қарапайым, сіз тендер жариялай аласыз. Сертификатталған жеткізушілерді таңдай аласыз, оларға келесі тауарлар мен қызметтерді сатып алуды және тендерді өзіңіз өткізуді жоспарлап отырғаныңызды хабарлаңыз.
Кооператив агенті. Кооператив төрағасы ешқашан кооператив агенті бола алмайды, өйткені тікелей мүдделер қақтығысы орын алады. Кооператив агенті болу үшін емтихан тапсыру керек, Бірыңғай ұлттық кооперативтік жарналар орталығынан сенімхат және жұмыс кабинетінің кілтін алуыңыз керек.
Кооператив төрағасы да жұмыс кабинетіне кіре алады. Біз бәрін онлайн жасаймыз және бәрін автоматтандырамыз. Бұрын Кеңес заманында бір жерге барып, мөр басылған анықтамаларды әкелу керек болатын. Менің ойымша, қазір мұның бәрін бармай-ақ шешуге болатын сияқты. Себебі бәрімізде ЭЦҚ бар, кооператив төрағасының да өз ЭЦҚ (электрондық кілт) болады. Электрондық кілтпен жұмыс кабинетін ашып, барлық қажетті құжаттарды енгізеді. Ешқайда барудың қажеті жоқ, ең жаманы – әрі-бері жүруге уақыт бөлу. Былайынша, кез келген смартфон, кез келген компьютер арқылы өз кабинетіңізде жұмыс істей аласыз.
Кооперативтің өзін-өзі басқару органдарын қарастырайық.
Кооператив – бұл ең демократиялық құрылым, онда сіздің үлесіңізге қарамастан, сізде 1 дауыс бар, тіпті, кооперативте сіздің 90% үлесіңіз болса да, бір ғана дауыс беру құқыңыз бар. Әрине, мұны жарнашылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша өзгертуге болады, мысалы, кооперативтің қонақүй сияқты үлкен нысанында менің үлесім 90% болса, жарнашылардан менде 10 дауыс болсыншы деп рұқсат сұрай аламын, сондықтан бұл шешімді жиналыста қабылдап, оны хаттама жүзінде бекітсеңіз, бұл мүмкін болады. Егер қабылданбаса, мүмкін емес.
Заңдарға және Жарғыға сәйкес кооперативтегі иерархия.
1. Жарнашылардың жиналысы – бұл жоғарғы орган. Жарнашылардың жиналысы жарғыға өзгерістер енгізе алады, кез келген ережелерді өзгерте алады. Бәрін жарнашылардың жиналысы шешеді.
2. Атқарушы деңгей. Атқарушы органның басшысы Кооператив төрағасы болып табылады. Кооператив төрағасын жарнашылардың жиналысы тағайындайды. Атқарушы орган Кооператив басқармасынан тұрады. Жарнашылардың жиналысы кооперативтің басқармасын белгілейді. Кооператив басқармасы өзіне жарнашылар жиналысы сеніп тапсыратын барлық функцияларды өз мойныныа алады. Мұндай қатаң ереже жоқ. Олар жасай алмайтын жалғыз нәрсе – олар Жарғыға өзгертулер енгізе алмайды, жарнашыларды алып тастай алмайды немесе қоса алмайды. Өйткені олар жарнашы кооперативке жарнашы ретінде қосылуға өтініш берген кезде ғана шешім қабылдай алады, олар 10 күн ішінде жарнашыны қосу немесе қоспау туралы шешім қабылдауға міндетті. Бірақ бәрібір мұның бәрі жалпы жиналыстың хаттамасымен бекітіледі.
Қауымдастық аясында біз қашықтан дауыс беруді іске қостық, өйткені қазір жарнашыларды жинау мүмкін емес, әсіресе, кооператив он мыңдаған жарнашыларды қамтитын өте табысты кооператив болса. Жиналыс өткізу мүмкін емес, сондықтан біз қашықтан іске асырылатын формат жасадық. Сонымен бірге жарнашылардың құқықтарын қорғау үшін біз келісу парағын енгіземіз. Кооператив төрағасы мен басқарма мүшелері оған жай ғана қол қоя алады. Мұның бәрі қағаз жүзінде жасалынғанымен, бұл жалғыз шектеу, өйткені заңды түрде бізде бұл норма қабылданбайды, өйткені заң жүзінде онлайн келісу парағына қол қоюға мүмкін болған кезде біз қауымдастық ретінде бірден осы норманы қабылдаймыз. Әрине, ЭЦҚ есебінен бұл жеделдетіледі.
Біз осындай қызықты сызықта тұрмыз, менің ойымша, бұл ЭЦҚ есебінен қашықтан келісу нормасы бір айдың ішінде шешілуі керек, өйткені қазір өзіңізбен бірге жүргізуші куәлігін алып жүрудің қажеті жоқ, бәрі онлайн.
Кооператив агенті осы жарнашыға қатысты кооператив агентінің қызметін жүзеге асыратындығы туралы шарт жасай алады. Ол жарнашыға жарна сатып алу үшін оның мүддесін қорғайды. Басқарма – бұл кооператив төрағасы басшылық ететін атқарушы орган, заңға сәйкес олар жарнашыны кооперативке қосу туралы шешім қабылдай алады. Бас тартудың көптеген себептері болуы мүмкін. Заңда олар он күн мерзімі ішінде кооперативке жарнашыны қосатын немесе қоспайтын жарлық шығаруы керек деп жазылған. Заңда тек 10 күнге дейін деген шектеу жасалған. Ешқандай нормативтік көрсеткіштер жоқ.
Тағы да қайталаймын, заңда адамды кооперативке қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдауға құқы басқармада деп жазылған.
Сіз жалдайтын кооператив агенттері барлық құжаттарды рәсімдейді және оларды басқармаға қол қоюға ұсынады.
Бірыңғай тізілімнің жеке кабинетінде сізде кооператив басқарманың жарнашыны кооперативке қабылдау туралы хаттамасының сканерленген көшірмесін бекіту талап етіледі. Ол пайда болмайынша, әрі қарай жалғастыра алмайсыз. Жарнашы басқарма шешімінің негізінде кооперативке минималды түрде қабылдануы мүмкін, ол жарнашылардың жалпы жиналысы негізінде кооперативке максималды түрде қабылдануы мүмкін.
Кооператив агенті өзінің қолымен немесе Төраға өзінің қолымен адамды қабылдай алмайды, өйткені жарнашылардың құқықтары бұзылады. Сіз мұндай шартты заңды түрде жарамсыз деп жоя аласыз. Ал кооператив төрағасы басқарма шешімінің болуын қадағалауы тиіс. Кооператив агенті 10-100 адамды жинап, оны бір басқарма құжатымен бекіте алады. Бұл үшін 10 күннен артық уақыт берілмейді. Минималды қарастыру мерзімі жоқ, максималды қарастыру мерзімі бар.
Басқарма құрамында жарнашылардың жиналысын шешетін адамдардың саны болуы мүмкін. Олар қалай шешеді, солай болады. Егер олар Басқарма мүлдем қажет емес, біз тек Төрағаға сенеміз, Төраға мен Басқарма бір адам болсын деп айтуы да мүмкін. Негізінен, қашанда басқарма бар, өйткені жарнашылар өз құқықтарын қорғағысы келеді, бүкіл билікті бір адамға бермес үшін алқалы органға көбірек сенеді.
Төраға құрылтай жиналысында бөлек таңдалады. Себебі біреу кооперативтің атынан әділет органдарына баруы керек.
Егер олардың тек екеуі ғана кооператив құрып, оның құрамына тағы мың жарнашы кірсе, олар екі адамнан тұратын құрам болып шешім қабылдайды делік. Жарнашылар кооперативке кірген соң бір жыл өткен кезде олар жарнашылардың жиналысында «Ханымдар мен мырзалар, жаңа басқарма таңдайық, бұған дейін екі адам болғаны анық, енді жаңа басқарма таңдайық» деп айтуы мүмкін. Жарнашылар басқармаға жаңа адамдарды қосқысы келсе, біз жаңа цикл жасаймыз.
Бірақ олар мұны кооперативке жарнашы ретінде кіргеннен кейін ғана жасай алады. Егер жарнашылар өз өкілеттіктерін басқармаға берсе, барлық жарнашыларға жиналудың қажеті жоқ, оны бірінші жиналыста да шешуге болады.
Айтып жатырмын ғой, басқарма минималды шешім қабылдайды, максималды шешімді жарнашылардың жалпы жиналысы қабылдайды. Себебі жаңа жарнашыларды қабылдауға тыйым салынған кооперативтер бар. Бастапқыда ауладағы дүкен туралы айтқан кез есіңізде ме? Олар жалпы жиналыста «біз 6 000 000 тг тастадық, бізде қандай болса да кірістің болғаны маңызды» деп айтуы мүмкін, ал олар қашан осы кіріске ие болады? Олардың тек 20%-ы жарнашы, ал қалған 80%-ы жарнашы емес. Сөйтіп, олар кооперативке басқа ешкімді қабылдамау туралы шешім қабылдайды. Бірақ содан кейін қабылдаймыз деген шешім шығаруы да мүмкін. Олар осындай да шешім қабылдай алады.
Мен үшін ең бастысы, кооперативтің жоғарғы органы кооператив жарнашыларының жалпы жиналысы екенін түсінгендеріңіз керек. Атқарушы орган – бұл басқарма. Басқарма басшысы Басқарма төрағасы болып табылады.