18. СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ЖЕТКІЗУШІ
Кооперативті тіркегеннен кейін Кооператив төрағасы жеткізушілер тізілімін құруы керек. Ол ақшаны тек тізілімде тіркелген компанияларға жібере алады. Ол сайтқа кіріп, жеткізушіні таңдайды, егер тізілімде жеткізуші болмаса, ол компанияға сертификаттаудан өтуді ұсынуы мүмкін.

Қандай жеткізушіге тіркелу қажет емес? Бұл кооперативтегі жарнашы болып табылатын жеткізуші сертификаттауды қажет етпейді. Біз жарнашыларды қорғау үшін сертификаттауды енгіздік, бірақ жеткізушінің өзі жарнашы болса, онда ол адал жұмыс істейді, өйткені өзін-өзі алдау оған тиімсіз. 

Жеткізушіні тек бизнес акселератор сертификаттайды. Бизнес акселераторлар кез келген адамды тіркемеуі үшін біз оларды бақылаймыз. Егер бизнес-акселератор жақсы жұмыс істемесе, біз оны тізілімнен біржола шығарып тастаймыз. Мұндай жағдайда ол аталмыш бизнесте бұдан былай ақша таба алмайды. Сондықтан алдау ол үшін тиімсіз, бәрі таза.

Егер сіз осы кооперативтің жарнашысы болсаңыз, онда тіркелудің қажеті жоқ. Егер жеткізуші жарнашы болса, онда кооператив оған ақшаны салықсыз жібере алады. Біз кооператив үшін шығындар құнының төмендеуін қалаймыз. Бұл өте маңызды. Өйткені кооператив үшін шығындар құны неғұрлым төмен болса, жарнашылар үшін соғұрлым жақсы болады. Егер жеткізуші кооператив мүшесі немесе жарнашы болмаса, онда олар сертификаттаудан өтуі керек.

Сертификаттаудан өту үшін қандай талаптар қойылады?

1. Қарыздың болмауы. Оған салық бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

2. ҰКП ММЖ (Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының міндетті мүшелік жарналары) бойынша берешектің болмауы. Егер жеткізуші ММЖ төлеуші болса, бұл оның бір күндік емес, маңызды компания екенін көрсетеді, оның қарызы болмауы керек. Егер, мысалы, бұл жеке кәсіпкер болса, ММЖ аз төлесе немесе мүлдем төлемесе де, қарыздың жоқтығы туралы анықтаманы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан алуға болады. Егер компания ММЖ төлемесе, онда бұл бір күндік компания немесе ақша шығаратын компания болуы әбден мүмкін.

3. Бұл компанияның сот талқылауында жоқ екендігі туралы кепілхат. Біз үшін ең бастысы – жарнашылардың ақшасы, егер кооператив жарнашылардың ақшасын ісі сотта қаралып жатқан жеткізушіге аударса, бұл ақшаға тыйым салынады. Сонда не болады? Онда идея пайда болмай жатып-ақ, іске аспай қалады. Бұған жол бермеу үшін ол соттылықтың жоқтығына кепілдік беруі керек. Егер ол осындай анықтама беріп, кейін өзі сот талқылауына қатысушы болса, кооператив оны сотқа беруге және жарнашылар үшін өтемақы талап етуге құқылы. Біз жарнашылардың ақшасын қорғау үшін бәрін жасаймыз.

4. Дистрибуция, дилерлік немесе өндіруші шарты. Яғни, сіз негізгі жеткізушінің өкілі екеніңіз туралы келісім.

5. Өндірістік база немесе портфолио. Бизнес-акселератор бұл компанияға қоңырау шалып, шарттарын көріп, тексеруі керек. Белгілі бір компанияның оған қызмет көрсеткенін немесе көрсетпегенін біледі. Портфолио – бұл дәлелдер негізі.

Бұл компанияларды сертификаттаудың бес қағидаты. Сертификаттау жеткізуші компания мен бизнес-акселератор арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі. Бизнес акселератор сертификаттау үшін қанша ақша алатынын біз білмейміз. Ең бастысы, ол кооператив алдында және біздің қауымдастық алдында сертификаттау үшін жауап береді.

(Залдан қойылған сұраққа жауап) Ресейден басқа шетелдік жеткізушілердің бәрі онлайн ұсынады. Негізінен, Ресей де, Қазақстан да бәрін онлайн жасай алады. Ол ҰКП-дан анықтама ала алмайды, бірақ мұндайда ол өзінің резидент емес екендігі және ҰКП мүшесі емес екендігі туралы анықтама бере алады. Бұл жеткілікті. Заң жүзінде оның ММЖ бойынша қарызы болмайды.

Біз бұл компанияның мүшелік жарнаны төлеуге бюджеті бар екенін және оның бір күндік компания емес екенін білуіміз керек. Сертификаттаудан өткісі келмесе, бұл оның құқы, демек, ол компания ақшаға қол жеткізе алмайды. Ал кооператив басқа жеткізушілерді табады.

Осы қағидаттарды жүзеге асыру жарнашылардың ақшасын күшті қорғауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, егер қаржылық негізгі  қорға қол жеткізгіңіз келсе, олардың ақшаларының қорғалғаны маңызды. Онда сіз шетелдік инвесторлар үшін де қызығушылық тудырасыз, өйткені олардың ақшасы да жақсы қорғалған.

Біз әр мәселеге байыппен қарадық, өйткені сіздің де, біздің де басты мақсатымыз – жарнашылардың қорғалуын қамтамасыз ету, олар кооперативтік кәсіпкерлік аясында ақша тапқысы келеді. Бұл күрделі әрекеттердің бәрі тек жарнашылар үшін жасалып жатыр.

(Залдағы сұраққа жауап) Бұл іс бизнес акселератор мен жеткізуші арасында жасалған шарт негізінде реттеледі. Жеткізуші сертификаттауды тезірек алуға ынталы, ал бизнес-акселератор ақшаны тезірек игеруге мүдделі. Сертификатталған жеткізушілер заңды бұзбаса, олардың лицензиясы мерзімсіз қолданылады. Ал егер заңды бұзса, сертификат жойылады. Егер заңды бұзса, жарнашылар бұл туралы айтады. Мысалы, ол кооперативтің ақшасын ұрлады, қызмет көрсетпеді.

Біз белгілі бір жеткізушіге кооперативтің тұтқасын ұстатамыз, ол бір клиентті алдау арқылы елдегі барлық кооперативтерден айырылатынын түсінеді. Бұл оған тиімсіз. Әрине, ол жауапты, бірақ бұл жерде оның мүддесі маңыздырақ. Ол кепілдендірілген кірісті қамтамасыз ете алатын бүкіл клиенттен айырылады. Ал кооперативтік бизнес акселератор өзінің кез келген адамды сертификаттаса, әлдебіреу оны алдап кетсе, ол да лицензиясынан айырылатынын түсінеді.

Бәрі өздерінің беделі үшін жұмыс істей бастайды, кооперативтер де, жарнашылар да, осы модельді жасайтындар да, одан пайда көретіндер де ұтады.
© 2025 "Қазақстан Республикасы Кооперативтерінің және экономикалық қауымдастықтарының басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығы"
Tilda Publishing