Интернет келді, интернет ойын ережелерін түбегейлі өзгертті.
Шеринг экономика неліктен пайда болды? Бұрын ол қалай жұмыс істейтін?
Бұрын өндіруші және тұтынушы болды. Олардың арасын дилерлер, жеткізушілер, дистрибьюторлар, көтерме саудагерлер, бөлшек саудагерлер байланыстырды. Нәтижесінде өнім осы жеткізу тізбегінен кейін адамға жететін. Схема жақсы сияқты, бірақ бір кемшілік бар, бұл нені білдіреді?
Әр жолы дилер өз пайдасының пайызын алады. Ол оны өндірушінің бағасының үстіне қосқан бағадан алады. Келесі кезең – өңірлік дистрибьюция. Олардың әрқайсысы өз пайызын қосады. Басында бағасы басқа еді, дилерге келгенде бағасы көтерілді. Себебі дилер өндірушінің бағасына өзінің бағасын, өзінің пайызын, сонымен қатар шығын бөлігін (қызметкерлерінің жалақысы, үй-жайларды жалға алу және басқа шығындар) қосады. Тұтынушы үшін бағаның қалай өскенін қазір көресіз.
Дистрибьютор да өз пайызын қосады. Себебі логистика, жалақы, сондай-ақ дилердің өзіндік құны бар. Ол тұтынушы үшін белгіленген бағаны ескере ме? «Бишара тұтынушы үшін бұл баға тым жоғары. Мен дилердің қосқан пайызын ескеріп, оны алып тастайыншы» деп ойлайды дейсіз бе?! Дистрибьютор осылай ойлай ма? Әрине, жоқ! Ол өзінің кірісін ойлайды, оның өзіндік шығыны бар. Тұтынушының шығынына ол мүлдем мән бермейді. Дистрибьютор көтерме саудагерлерге сатты. Мұнда да пайыз өседі. Оның ортасында әлі ұсақ көтерме бөлшек сауда бар, біз оны ескермейміз. Біз тек көтерме сауда мен бөлшек сауданы аламыз. Бұл адамдар да өз пайыздарын қосады. Осылайша, бастапқы баға өте қатты өседі. Сөйтіп бұл баға тұтынушының қалтасын қағады. Нәтижесінде тұтынушы үлкен мөлшерде артық ақша төлейді. Бұл пайдалы ма? Меніңше, пайдалы емес! Нәтижесінде өндіруші, дилерлер, көтерме саудагерлер, саудагерлер байиды да, тұтынушылар кедейленеді. Тұтынушы өнімді тұтынған сайын осы сома мөлшерінде кедейленеді. Бұл ЕСКІ МОДЕЛЬ! Қазіргі таңда қолданылмайды.
Неге? Не өзгерді?
Жаңа модель бойынша: Бізде өндіруші бар, бізде тұтынушы бар. Олардың арасында кім бар?
Иә! Бұл ИНТЕРНЕТ! Интернет қандай мүмкіндіктер береді?
Тұтынушы өндірушіге what's app арқылы немесе электрондық поштаға тікелей жаза ала ма? Немесе оның сайтына кіріп, тікелей тапсырыс бере ала ма?
Иә, бұл мүмкін!
Бүгінгі таңда кез келген адам тікелей өндірушіге хабарласып, тапсырыс бере алады! Бірақ бір ерекшелік бар! Неліктен шеринг экономика мен кооперация өркендейді?! Себебі өндіруші әркімге өз тауарын бір-бірден сата бермейді. Бұл оған пайдалы емес, өйткені оған көлем қажет. Кез келген өндіруші көлемді қажет етеді. Өндірушіге бәрін тезірек сатқан маңызды. Ол айналымы мен сату көлемін арттыру үшін тіпті, бағаны төмендетуге де дайын.
Ол тұтынушыға бөлек қызмет көрсетпейді. Ол бірлесіп тұтыну үшін біріккен тұтынушылар тобына қызмет етеді. Мұны біз ТҰТЫНУШЫЛАР КООПЕРАЦИЯСЫ деп атаймыз.
Сондықтан шеринг экономика «бірлесіп тұтыну экономикасы» деп аталады.
Мен көбіне iPhone-ға қатысты бір жақсы мысал келтіремін. Алматыда iPhone-ды 2000 доллар (800 мың теңге) көлеміндегі бағаға сатып аламыз. Америкада iPhone бөлшек саудада 400 долларға сатылады. Тренингке қатысатын 30 адам бірігіп, әрқайсыңыз iPhone-ды 2000 емес, 400 долларға сатып алғысы келетін 20 адамды шақырасыз. Сонымен, өндіруші өз өнімін тұтынатын 600 адамды тапса, онда ол бізге iPhone-ды 400 доллардан емес, 350 доллардан береді. Неліктен? Себебі сіз бір айдағы барлық iPhone дүкендерінен де көп тұтынатын бір жиынтық тұтынушысыз.
600 адам – бұл шағын кооператив, бірақ ең кішкентай кооператив 2 адамнан құралған. Мен Ресейде 400 мың адамнан тұратын кооперативті білемін.
Мінеки, осы экономика бір дәрежелі экономика деп аталады. Себебі тұтынушы мен өндірушінің арасын тек ИНТЕРНЕТ бөледі. Сіздер 2000 доллар жинап, 5 iPhone сатып ала аласыз, ал тағы біреуін тегін аласыз. Тағы бір нұсқа – оның нарықтағы бағасы 2000 доллар болса, сіз оны 1000 доллардан сатып, 2000 доллар пайда табасыз. Жаман ба? Бұрын қалтаңызды қағатын іс енді қалтаңызды толтырып жатыр. Қолыңызда керемет iPhone, оған қоса пайда көресіз.
Шеринг экономика осылай жұмыс істейді. Трендтен қалмай жүргеніңіздің өзі керемет қой.
Қазір Investor Relations туралы айтамын, бұл инвестиция тарту, өйткені кооперация – инвестиция тартудың өте маңызды құралы.
Алдымен кооперацияның не екенін толық түсініп алайық. Мұның бәрін егжей-тегжейлі түсінген кезде ойыңызда өзіңіздің нарықта қандай рөл атқаратыныңыз туралы бейне пайда болады. Содан кейін мен сізге біздің тренинг аясында игере алатын жеке рөліңізді айтамын.