Ең маңызды орган – тексеру комиссиясы.
Басқарма және тексеру комиссиясы – бұл органдар басқару жеделдігін қамтамасыз ету үшін құрылған. Елестетіп көріңізші, 400 мың жарнашы бар делік, соның әрқайсысы есеп талап ететін болса, бұл әрі қиын, әрі азапты болмақ.
Бухгалтерлік есепті тексеру үшін жарнашылардың қатарынан тексеру комиссиясын таңдай аласыз. Сондай-ақ тексеру комиссиясына көмек ретінде аудиторлық компанияны жалдауға болады. Ол кооперативтің бүкіл қызметін тексере алады, ал егер заң бұзушылықтарды анықтаса, бүкіл жиналысқа кооператив төрағасын ауыстыру немесе басқарманы өзгерту туралы бұйрық бере алады. Бірақ есепті өзгерту немесе қабылдау туралы түпкілікті шешімді жиналыс қабылдайды.
Бір айта кететін нәрсе, заңда барлық техникалық нормалар қарастырылмаған. Қазір техникалық мүмкіндіктер өте жақсы. Біздің қауымдастық та жыл сайын кооператив төрағасы мемлекеттің алдында бухгалтерлік есеп жасаған кезде Ұлттық бірыңғай тізілім платформасында есеп беруін талап етеміз, сөйтіп біз оны сайтта жариялаймыз.
Осының арқасында кооперативтің нарықтық құнын аласыз, бұрын бұл мүмкін болмаса, қазір кооперативтің барлық мүшелері кооперативтің есебімен таныса алады. Бұған дейін Тексеру комиссиясы қажет болған, бірақ Тексеру комиссиясы басқару органы ретінде әлі де қалды, өйткені ол заң бұзушылықтарды көрсе, барлық жарнашылардың жиналысын талап етуге құқылы.
Себебі біз сізге ұсынатын заңда және жарғыда жарнашылардың жиналысы кемінде жыл сайын өткізілуі мүмкін деп жазылған.
Жарнашылардың жиналысы екі санатқа бөлінеді: жарнашылардың кезекті және кезектен тыс жиналыстары.
Жарнашылардың кезекті жиналыстары бекітіліп, жыл сайын өткізіледі. Олар әдетте, кооперативтің есептік кезеңінен кейін бір айдың ішінде өткізіледі. Бір айдың ішінде кооператив төрағасы мен басқарма жарнашылардың есеп беру жиналысын өткізуі керек.
Кезектен тыс жиналыс, заңда кооператив жарнашыларының кезектен тыс жиналысына 2/3 дауыс немесе кем дегенде 20% дауыс берілуі мүмкін деп жазылған. Жарнашы жалпы жиналыс өткізе алады. Кейбір жарнашы қабылданған шешімдермен келіспеуі мүмкін. Мысалы, сіз кір жуатын жер аштыңыз, ал жарнашы «кір жуатын жердің қажеті жоқ, сұлулық салонын саламыз» деп жарнашылардың жиналысын талап етуі мүмкін, бірақ егер ол жарнашылардың 20% дауысын жинаса, онда ол жиналыс өткізуді талап етуге құқылы. Егер жарнашылардың 20%-ы келіссе, демек бұл өте маңызды мәселе.
Бұл жарнашылардың өздері кооператив жұмысына кедергі келтірмеуі үшін жасалады. Ол Кооператив төрағасына хат жазады, оған жарнашылардың 20%-ы қол қояды. Егер ол қол жинаумен айналысқысы келмесе, жарнашылардың жыл сайынғы жиналысын күтіп, сол жерде осы мәселені көтере алады.
Кооперативте кооператив қызметкерлері болуы мүмкін, олардың жарнашы болуы да міндетті емес, бірақ жарнашы да, қызметкер де бола алады. Кейбіреулер жарна есебінен жұмыс істеуі мүмкін, мысалы, мен алты ай жұмыс істеймін, ал сіздер маған жарна беру арқылы менімен есеп айырысасыздар. Заң жүзінде бұл мүмкін.
Төраға жарнашы бола алады, бірақ кооператив агенті бола алмайды. Ол кооперативпен шарт жасай алмайды, әйтпесе онда мүдделер қақтығысы орын алады, бірдеңені айтып қоюы мүмкін. Кооперативтің таза, мүдделерінің қақтығысы жоқ төрағасы бар ма? Мұндай төраға бар, бірақ мүдде тазалықтан басым болып тұрады. Біз адамның тазалығына сене алмаймыз, тиімді тетіктер жасауымыз керек.
Ал кооператив агенті кооператив төрағасы мен басқарма алдында жарнашыларды тарту жағынан жауапты болады. Ал жарнашылардың алдында ол барлық ақпаратты әрдайым сенімді түрде жеткізетініне жауап береді. Егер бұған дейін барлық жауапкершілік жарнашыда болса, енді жауапкершілік кооператив агентіне жүктеледі. Егер ол жарнашыны алдаса, біз оны кооператив агенттерінің тізілімінен шығара аламыз. Меніңше, алатын пайдасын ескеретін кез келген адам мұндай тәуекелге барғысы келмейді.