Келесі өте маңызды мәселе – жылдық жоспар. Біз кооперативтерден жылдық жоспарды талап етеміз. Ол болуы керек, яғни кооператив сол жылы не істейтінін нақты білуі керек. Кез келген жарнашы ненің қашан іске асырылатынын білуі үшін әр қадамды белгілеген жөн. Жылдық жоспар ұғымына мыналар кіреді: іс-шаралар жоспары, қандай нәтиже алғысы келеді және кесте бойынша оны қашан жасау керек.
Есіңізде болса, сіздермен өте маңызды мәселені талқыладық, ол – есеп беру және жарнашылармен кездесу. Біздің Қазақстанда мынадай проблема бар, кооперативтердің көптеген төрағалары жарнашылардың жиналысына жауапсыз қарайды, тіпті, бұл кездесуді өткізгілері келмейді.
Ал шетелдегі жарнашылар не істейді? Олардың көлемі үлкейген кезде олар тәжірибелі жаттықтырушыларды, спикерлерді, сарапшыларды және музыканттарды жалдайды. Жарнашылар үшін бұл өте үлкен шоу, олар соған қатысу үшін өмір сүреді. Бұл іс-шара өте көп қырлы, сіз мұндай кооперативтің жарнашысы болсаңыз, бұл кооперативке одан да көп ақша салуға дайынсыз. Өйткені сіз өзіңізді қоғамның маңызды мүшесі ретінде сезінесіз. Мінеки, Түркияда депутаттар сайлауға барар алдында кооперативтерге барады екен, ал кооператив төрағасы: «Жарайды, біз сізге дауыс береміз, бірақ сіз бізге мына жерге жол салып беріңіз» дейді. Немесе «жоқ, біз сізге дауыс бермейміз, бәріміз басқа адамға дауыс береміз» деп айтады. Себебі сіз сайлауалды жарысқа қатыссаңыз, үлкен шығын болады. Ал егер осылай айтсаңыз, шығын шықпайды, мүмкіндік жоқ.
Кооператив мүшелерінің жиналысын өткізген сайын шоу жасаңыз. Онда жарнашыларыңыз өздерін жұлдыз сияқты сезінсін. Өңіріңіздегі беткеұстар тұлғалар олардың қолдарын алсын. Егер кооперативіңіз едәуір үлкен болса, бұл шынымен, іске асатын нәрсе. Себебі депутат өзінің сайлаушылары екеніңізді біледі, сізбен міндетті түрде кездеседі. Анау лауазымды тұлғаны немесе басқасын әкеліңіз деп сіз оған шарт қоя аласыз. Осындай іс-шараларда өзіңіз үшін маңызды мәселелерді шешесіз. Себебі кооператив моделі осындай мәселелерге арналған.
Бүгін біз тоқталатын өте маңызды сұрақтардың бірі – жарнашыларды қалай тартуға болады. Бизнес-жоспарыңыз болған кезде бірінші кезекте, мынадай жарнашылар шкаласын салуыңыз керек. Мысалы, бизнес ашу үшін құны 50 млн теңге немесе 100 млн теңге жинауыңыз керек. Қазақстанда демалыс үйін немесе қонақүйді 100 млн теңгеге алуға бола ма? Ала алмаймыз. Қаншаға ала аламыз? Жақсы, 500 000 000 теңге деп есептейік. Сіз оған шкала беруіңіз керек.
Сіз 1 млн теңге салатын 500 жарнашы таба аласыз ба? Бұл 1 000 жарнашы болады деп есептейікші, сонда 500 000 теңге жинаймыз, 2 000 жарнашы болса, 250 000 теңге жинаймыз. Қараңызшы, бұл көрсеткіш шынайыға айналып барады, оңай көтеріліп келеді, тіпті, кө ақшасы онша көп емес адамдар үшін де.
Бізде қандай да бір табыс пайда болады. Қазір санаторийге жолдама тәулігіне 10 000 тұрады, бізге 200 адам келді. Қараңызшы, тәулігіне 200 адам 10 000 теңгеден төлейді. Алдымен 10 000-ға көбейтейік, бұл 2 000 000 болып шығады, бір жылда 365 күн бар, енді 365-ке көбейтеміз. Сонда бірінші жылы 730 000 000 теңге аламыз, демек бизнесіміз бір жылда өзін ақтай ма? Иә? Келесі жылы жарнашылар он күн тегін демалуға мүмкіндік алады. Егер 500 адам туралы айтып отырсақ, жылына 20 күнді жарнашылардың демалуына береміз, ал қалған 11 айда ол бізге пайда әкеледі.
11 айды 30-ға көбейтеміз, содан кейін 2 000 000-ға көбейтеміз, сонда 660 000 000 теңге шығады. Олар бір ай тегін демалуға мүмкіндік алады, оған қоса 660 000 000 теңге алады. Үлкен айырмашылық жоқ, 500 жарнашы болсын, 1000 жарнашы болсын, оларға екі ай беруге болады. Онда жылдың 10 айын есептейміз, есесіне 1000 жарнашының әрқайсысы осы қонақүйде бір адамнан қосымша демалуға алса, табысыңыз шынымен арта түседі.
Кооперативтік агент ретінде есептегенде жарнашыларға таңдау жасауға мүмкіндік беруіңіз керек, өйткені идея мен кооперативті тәсілді қашанда ұстануыңыз керек. Егер 500 адамнан тұратын кооператив моделіне келіссеңіз, бір ай демалып, қалған уақытта ақша табасыз. Онда жарна мынандай болады болады. Ал егер келіспесеңіз, онда көбірек адамдарды тартайық, сонда жарнаның ақшасы азырақ болады. Әрқайсымыз 2 адамнан тартсақ, біз 500 000 теңге береміз, бәрібір біз ұтамыз.
Өзіңіз тартқан жарнашылармен бір бағытта болған кезде дұрыс толқынды іске қосу мүмкіндігі бар.
Бәлкім, біреу 500 адам жиналып, миллион теңгеден салайық, ал адам санын көбейтпейміз деп айтуы мүмкін. Енді біреулер миллионды тәуекел еткім келмейді, 500 мыңнан жинайық, мен екі досыма қоңырау шаламын, сондай тәуекел аз, пайда сол қалпы болады.
Бір жарнашыға шаққандағы пайданы есептейміз. 500 жарнашыны жинасаңыз, жылдық табысыңыз 660 млн тең. Оған қоса сол санаторийде бір ай демалысасыз және 660 миллион пайданы 500-ге бөлесіз, жылына 1 000 320 құрайды. Миллион салдыңыз, 5 жыл ішінде кооператив оған 6 600 000 пайда әкеледі. Кооперативтің ашылуы кезіндегі шығын бөлігі 1 000 000 болды, ал қайталама нарықтағы сатылым бірнеше миллионды құрайды.
Кооператив заңды тұлға ретінде кірісті тек кооператив төрағасы мен қызметкерлерінің жалақысы шеңберінде алады. Оның кірісі оның шығын бөлігін құрайды. Кооператив коммерциялық ұйым емес болғандықтан, сіз кооператив төрағасы ретінде айналымнан түскен пайданың 20%-ын айналымға сала аласыз. Иә, сіз осы модельді ойлап тапқан адам ретінде өз пайызыңызды сол жерге сала аласыз. Сол жердегі 20%-ды кооператив төрағасына және 20%-ды акселераторға жалақы ретінде бересіз. Сіз осындай модельдерді көбейтесіз. Сізге кооперативтің қандай шығыны бар екені маңызды болмайды. Себебі кооперативтер бұл сізге пайда әкелетін нәрсе емес, олар сіздің тікелей шығындарыңызды сіңіреді. Сіз тек кірістер мен артықшылықтарға назар аударасыз. Онда сіз кәдімгідей ақша таба аласыз.
Кооператив – бұл таза бизнес-модель емес, бұл коммерциялық құрылым емес. Кооперативтің кіріс бөлігі бар және артықшылықтары бар. Кооперативтің жарнашылары артықшылықтар алады, табыс табуы мүмкін. Мысалы, мен кооперативті қарттар үйін көрдім. Адам жыл сайын шарт жасасып, өзінің кооперативіне 20 жыл бойы аударым жасайды, сөйтіп қартайған кезде онда барынша жайлы өмір сүре алады. Кооперативтік мектептер бар, ата-аналар балалары есейген кезде мектепте білім алуы, сапалы білім алуы үшін белгілі бір мектепке ақша салады. Балалар мектептен кеткен кезде олар жарналарын сатып, ақшаларын шығарып алады. Бұл өте жақсы стратегия.
Мәселенің неде екенін түсіндіңіз ғой. Кооперативтер – бұл коммерциялық жобалар емес, кооперативтер бұл сіз тұтына отырып, ақшаны үнемдейтін және жұмсалған ақшаны жарна алу арқылы біраз уақыттан кейін өзіңізге қайтара алатын тетіктер. Міне, олардың негізгі пайдасы осы. Бірақ кооперативтерді құратын, акселерацияны кооперативке айналдыратын адамдар керемет пайда табады. Ал сіздің кооператив мүшелеріңіз артықшылықтар мен кіріс үшін жұмыс істейді. Олар тіпті, кіріс ала алмауы мүмкін, өйткені кооператив барлық кіріс ақшасын сол жарнашыларға бензин сатып алуға, жарнашыларға талон сатып алуға жұмсай алады. Сіз кәсіпкер ретінде кооперативтің айналасында компаниялар тобын құра аласыз және ақша таба аласыз. Сіз миллиард теңге жинадыңыз делік, бұл миллиард теңгені өзіңіздің компаниялар тобыңыз арқылы таба аласыз.
Бұл еншілес ұйымдар емес, бұл жеткізушілер. Бұл кооперативке сүт жеткізуіңізге кім кедергі? Туристік компанияны ашуға кім кедергі? Егер қонақүй моделін алсақ, бір жылдың ішінде туристік сапарға жіберген 500 клиентіңіз болады. Сіз бастамашы ретінде теміржол бағытын аша аласыз. Электрмобильдерді жинау орталығын ашуға болады.
Өйткені электрмобильдердің шығыны өте төмен, ал кірісі өте жоғары. Кәсіпкер ретінде сіздің мүддеңіз қиындық көрмейді, өйткені сіз бастамашы ретінде кооперативтің айналасында барлық жеткізілім тізбегін құрып, ақша таба аласыз.
Өйткені жарнашылар өздеріні тиесіліні бәрібір алады. Жарнашы кооперативке не үшін кіреді? Табыс пен артықшылық үшін. Ол картопты жегісі келеді, бірақ оны 120 теңгеден сатып алмай, 30 теңгеден сатып алғысы келеді. Сіз оларға картоп бергіңіз келе ме, беріңіз, сөйтіп бай адам атаныңыз.
Маған ЖШС-ден гөрі тұтынушы кооперативі ұнайды, сізге ақша салудың қажеті жоқ. Мұнда бәрі ақшамен саналмайды, бағалау жүргізудің қажеті жоқ. Маған акционерлік капиталдың кооперативтік үлесі ұнайды, өйткені акцияның құны бәрі үшін бір бағамен бекітілген. Сіз өзгерте алмайсыз, тек акциялардың санын сатып ала аласыз.
Кооперативте жарнашылар қанша қаражат салу керектігін шешеді. Мен сізге жеңілдетілген модельді салдым, сізде сәл күрделірек болады, сізде 500-ден, миллионнан 10 адам, 250-ден 100 адам және т.б. болады. Бірақ сізде табыстың пропорционалды үлесі бар, сіз 730 миллион соманы алдыңыз, ол пропорционалды түрде өзгереді. Бірақ қалай болғанда да жақсы ақша табасыз.
Тағы да бір рет айтып өтейін.
Кооператив төрағасы жақсы ақша табады ма? Иә!
Кооператив агенті жақсы ақша табады ма? Иә!
Кооперативті бизнес акселератор кооперативтің иесіне қарағанда көп ақша табады.
Сертификатталған жеткізушілер одан да көп ақша табады. Жарнашы үшін жасалатын шарттың ерекшелігі – ол артықшылықтарға ие болады.
Сіздің жағдайда сіздегі артықшылық – бұл 300% артық төлем жасамай, пәтерді арзан бағамен сатып алу. Сіз 300% үнемдейсіз бұл өте тиімді.
Жарнашы да бақытты. Бізде алты бақытты кейіпкер бар. Кооперативті ойлап тапқан адам, кооператив төрағасы, кооператив агенті, бизнес акселератор, өйткені қаражатымды көбейтемін деп шешсеңіз, жеткізуші, жарнашы болу керек.