28. ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ КООПЕРАТИВТЕРІ
Өткен видеода мен ҚазАвтоЖолмен меморандумға қол қойғанымыз және олар карбон фермаларын отырғызу үшін көгалдандыруға жер бергені туралы айттым. Сондай-ақ біз жол бойындағы сервисті салу бойынша Меморандумға қол қойдық, яғни қазір көптеген жолдар салынып жатқанын білесіздер. Жол бойында адамдарға қонақүйлер, шағын кафелер, асханалар, дәретхана және автосервис қажет.

ҚазАвтоЖол біздің қауымдастықпен жасаған меморандум бойынша бізге тегін жер учаскелерін бөледі, оларға ауыспа (съезд) жасады, оларды автотұраққа арнайды, сондай-ақ жол бойындағы сервис дәретханаларына қызмет көрсету үшін ай сайын шамамен 80 000 теңге төлейді.

Сондай-ақ ҚазАвтоЖолдың соңғы нормативтік-құқықтық актілері шеңберінде олар жол бойындағы өте жоғары санатты сервис объектілерінің құрылысын 10%-бен субсидиялайды. 

Менде сіздер үшін өте жақсы ақпарат бар. Мен бұл семинарды Талдықорғанда өткіздім, Талдықорған қаласы мен Алматы облысының Іскер әйелдер кеңесінің кәсіпкерлері бұл жобаға қызығушылық танытты. Олар 3 жол бойындағы сервис нысанын салатын кооператив жинады. Олар осы іспен айналыса алатын кәсіпкер әйелдердің арасынан 100 млн. жинады, облыс әкімдігінен 100 млн. қаржыландыру алды. Яғни, Алматы облысының әкімі осы жобаларға көпбалалы аналарды жол бойындағы сервиске қосу үшін Іскер әйелдер кеңесіне қолдау көрсетті.

Нәтижесінде көпбалалы аналар жыл сайын 500 мың теңге грант алып, оны жұмсап тастайтын. Енді олар грантты ақша түрінде емес, жол бойындағы сервис кооперативтерінің ішіндегі жарна үлесі түрінде алды. Мен олардың бизнес-жоспарын көрдім, алдын ала есеп бойынша, көпбалалы аналар жыл сайын бір жарым миллион теңге алады. Олар ақшаны дивиденд түрінде алмайтыны түсінікті, бірақ тұтыну кооперативі осы көпбалалы аналарға азық-түлік, балаларына киім-кешек сатып алады, бұл жыл сайын қайталанады. Бұл ақпарат мені қатты қуантты. Бұл жобалар өте пайдалы.

Сонымен қатар, ҚазАвтоЖолмен келісім бойынша біз оларға инфрақұрылымның бір бөлігін тегін береміз. Әкімдік те тұтыну кооперативтеріне көмектеседі, оларға электр қуатын береді, су береді.  Бұл өте ыңғайлы. Егер сіздерге қызық болса, біздің қауымдастыққа хабарласыңыздар, біз Алматы облысымен байланыс орнатып береміз, осылайша олардың жасаған жобаларын зерттей аласыздар, егжей-тегжейлі бизнес-жоспар біздің қауымдастықтың www.kooperativ.kz деген сайтында берілген.

Біздің қауымдастыққа хабарласыңыз, біз ҚазАвтоЖолмен байланыс орнатып береміз, Іскер әйелдер кеңесімен кездесу ұйымдастырамыз, олар сіздерге өз кооперативінің жұмысын қалай ұйымдастырғаны туралы айтып бере алады.

Біздің міндетіміз – сіздермен бірге халық үшін қосымша табыс әкелетін, халыққа қызмет ететін тұтыну кооперациясының жобаларын құру. Бұл жай ғана қосымша табыс болмайды, жергілікті тұрғындар үшін жол бойындағы сервистің әрбір осындай объектісі өздерінің картоптарын, тауықтарын, жұмыртқаларын, сүтін сата алатын орын болады. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін болады.

ҚазАвтоЖолмен байланыс және барлық қажетті құжаттарды біз сіздерге тегін ұсынамыз.

© 2025 "Қазақстан Республикасы Кооперативтерінің және экономикалық қауымдастықтарының басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығы"
Tilda Publishing