3. ШЕРИНГ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КООПЕРАТИВТЕР

Қайырлы күн!


Бүгін сіздерге әлемнің мәңгілікке өзгергені туралы айтып береміз. Індет осы процестердің бәрін жеделдетті. Бұған дейін цифрлық технологиялардың қалыптасу процесі және бүкіл адамзат өркениеті бір дәрежелі экономика немесе шеринг экономикасы деп аталатын құбылыстың пайда болуына ықпал етті. Бұл бәрін, бизнесті де, өзімізді қалай ұстауымыз керектігін де түбегейлі өзгертті. Көп ұзамай адамдар екіге бөлінеді. Біріншісі – ескіше өмір сүреді. Бұл дегеніміз – делдалдардың үлкен тізбегі бар өндіруші болады. Бұл – ықтимал дистибьюторлар, дилерлік компаниялар. Түпкілікті тұтынушы өзі тұтынатын өнімді үстеме бағасымен алады, өйткені қайта сатудың әр сатысына пайыз қосылады. Олардың ешқайсысы алдыңғы деңгейде өз пайызының қосылғанын білмейді, сөйтіп өздері өз пайыздарын қосады. Әр кезеңде 10% қосылады. Соңында тауар 40-50%-дан да көп бағамен келеді, өйткені әрқайсысы қосылған бағаның үстіне тағы баға қосады.

Нәтижесінде бір тауар үшін ақылға сыймайтын артық ақша төлейміз, десе де біз оны әлдеқайда арзан бағамен сатып алар едік. Цифрлық технологиялар мен адамзаттың дамуы неге әкелді? Өндіруші бар, өндіруші мен түпкілікті тұтынушыны біз интернет деп атайтын бір ғана кеңістік бөліп тұр. Әрбір тұтынушы ватсапқа жаза алады, электрондық поштамен хат жібере алады және делдалдардың күрделі тізбегінсіз тікелей байланыс орната алады. Кез келген бизнесте ақылға қонымды жәйттардың бар екенін түсінуіміз керек. Неліктен біз бір дәрежелі экономика мен шеринг экономика тығыз байланысты деп айтамыз? Бір дәрежелі экономикада делдалдардың күрделі тізбегі жоқ. Байланыс тікелей жүзеге асырылады.

Қарапайым бизнес-логиканың арқасында өндіруші үшін әрбір бөлшек тұтынушымен қарым-қатынас жасаудың пайдасыз екендігін түсінуіңіз керек. Егер тұтынушылар біз тұтыну кооперативі деп атайтын бір заңды тұлға болып біріксе, бір үлкен тұтынушы ретінде әрекет етеді. Сөйтіп олардың әрқайсысы өзіне қажет нәрсеге тапсырыс береді. Бірақ бір заңды тұлға болып біріксе, олар сатып алатын өнімдерін тұтынушыдан өте тиімді бағамен тікелей тапсырыс беру арқылы ала алады. Себебі өндірушіге де өнімді бір заңды тұлғаға көп мөлшерде сатқан тиімді, алған өнімді заңды тұлға өзі таратады. Ал тұтынушы осы күрделі пайыздық баға қосу жүйесінен құтылады.

Сондықтан бизнестің болашағы бір дәрежелі және шеринг экономикасында екенін түсіну керек. Шеринг экономика – бұл адамдардың Біртұтас экономикалық қоғамдастыққа бірігуі, адамдардың кооперативтерге бірігіп, оны бірге тұтынуы. Бір ғана ерекшелік бар, кооперативтің арқасында тауарлар мен қызметтерді тиімді бағамен сатып алуға ғана емес, сонымен қатар ештеңеге артық ақша төлемеуге мүмкіндік аласыз. Соның арқасында жұмыс орныңыз пайда болуы, жақсы ақша табуыңыз мүмкін. Осы жайында толығырақ сөйлесейік.

© 2025 "Қазақстан Республикасы Кооперативтерінің және экономикалық қауымдастықтарының басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығы"
Tilda Publishing