31.СҰРАҚ-ЖАУАП:
Кооператив агенттерінің жоғары білімі болуы міндетті ме?

Кооператив агенттерінің жоғары білімі болуы міндетті ме?

Мен тағы да қайталаймын, біздің ұйымның басты мақсаты – еліміздегі кооперативтік қозғалысты дамыту.
Біздің қауымдастықтың басты мақсаты – жарнашылардың құқығын қорғау.

Сондай-ақ біздің Қауымдастықтың басты мақсаты – кооперативтер мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынас жүйесінде елімізде кооперацияның дамуы үшін барынша жақсы жағдай жасау.
Тиісінше, бізде Коопоратив агенті немесе кооператив төрағасы немесе Кооперативті бизнес  акселераторы болу үшін адамдардың ресми түрде жоғары білімі болуы талап етілмейді.

Әрине, жоғары білімнің болғаны жақсы, бірақ Қауымдастықтың талабы бойынша, мұндай стандарттар көзделмейді. 

Біз үшін ең бастысы, Кооператив агенті немесе Кооператив төрағасы немесе Кооператив бизнес акселераторы оқу курсынан өтіп, Ұлттық қауымдастықтың талабы бойынша қажетті тестілеуден өтуі керек. Содан кейін олар бұл қызметті атқара алады. Өйткені біз үшін ең бастысы – олар ойын ережелері мен кооперативтердің қызметін реттейтін заңнаманы түсінуі керек. Біз үшін ең бастысы, олар біздің Қауымдастықтың барлық талаптарын олардың қызметінің стандарттары ретінде түсінуі керек.

Мен тағы да қайталағым келеді, олар біздің Қауымдастықтың талабы бойынша оқи алады, оқу нәтижелері бойынша олар өз қызметі бойынша оқу курсынан өткені туралы куәлік алады. Оқығаннан кейін олар емтихан тапсырады, емтиханды сәтті тапсырса, Кооператив агенті немесе Кооператив төрағасы немесе Кооператив бизнес акселераторы деген сертификат алады.

© 2025 "Қазақстан Республикасы Кооперативтерінің және экономикалық қауымдастықтарының басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығы"
Tilda Publishing