Кім кооперативке қатысушы болғысы келеді?
1. Бұл ақша үнемдегісі келетін адамдар. Өйткені кооперативке қатыса отырып, сіз жылына орта есеппен алғанда, миллион теңге үнемдейсіз. Біз Алматы қаласы туралы айтып отырмыз. Павлодар, Талдықорған, Астана, Ақтау секілді мен барған басқа қалаларда да жағдай осындай болу керек. Сомалар шамамен бірдей. Бұл өте маңызды. Әсіресе, әйелдер бірігіп, бизнесті ұжым болып басқара алатын адамдар үшін маңызды, өйткені бір адамға бизнесті басқару қиынға соғады. Кез келген бизнес – үлкен тәуекел, үлкен жұмыс, өз бизнесіңізді күн сайын бақылау қажеттілігі. Әйтпеген жағдайда бизнес құрдымға кетеді, шығынға ұшырайды, тіпті, қызметкерлеріңіз ұрлауы мүмкін немесе клиенттерге олар қаламаған қызметтерді ұсынуы мүмкін. Ал егер олар кооперативке біріксе, көп нәрсе істей алар еді. Мысалы, мемлекет аз қамтылған отбасыларға 550 мың теңге бөледі. Әйел адамның, тіпті, кез келген адамның бұл ақшамен не істей алатыны мен үшін қашанда жұмбақ. Бұл сомаға бизнес ашу мүмкін емес, өте аз. Бірақ кооперативке біріксе, мұндай адамдар өз бизнестерін құра алады. Ал егер олар 100-ден астам адам болып біріксе, бұл жақсы жабдықтар мен табысты бизнесті құруға жеткілікті, бұл оларды едәуір табыспен қамтамасыз етеді.
2. Ақша тапқысы келетін адамдар – активтері бар адамдар. Табысты адамдар – жақсы жұмысы немесе табысты бизнесі бар адамдар. Жақсы табысқа ие бола отырып, олар өздері үшін көптеген активтер сатып алды. Бұл – жылжымайтын мүлік, бұл – жер. Оны жеке игеру өте қиын. Тағы да күнделікті бақылау қажет. Біреу жас шамасына, біреу қабілетсіздігіне немесе өз бизнесін күн сайын бақылағысы келмеуіне байланысты кооператив құра алады. Өз мүлкіңізді қандай да бір кооперативке берген кезде оны сол заңды тұлғаның атына тіркеудің қажеті жоқ, ол сіздің меншігіңізде қалады, ал сіз тек қаржы тартасыз, пікірлес адамдарды тартасыз, мамандарды тартасыз. Бірігіп, сіз осы аумақты игере бастайсыз, бұл – қолыңыздағы актив. Бұл активті жалға беруден әлдеқайда тиімді. Себебі сіз активті жалға берген кезде ол құнсызданады, күн сайын жойылады. Сіздің активіңізге ешкім аяушылықпен, мүлтіксіз сақтау ниетімен қарамайды. Кооперативте сіздің активіңізді басқаруға алған адамдар сіздің активіңіздің арқасында ақша тауып отырғандарын түсінеді, оны өздерінікі сияқты ұқыптап ұстайды.
3. Жұмыс берушілер үшін. Жұмыс беруші өз қызметкерлерінің жалақысын шексіз көтере алмайды. Өйткені бюджет қашанда шектеулі. Бірақ өз кәсіпорындарында кооператив құра отырып, олар қызметкерлердің жалақысын бір пайызға да көтермей, алған ақшаларының тиімділігін 30-50%-ға арттыра алады.
Бұл өте тиімді. Ең бастысы, әрбір қызметкер осы кооперативте жұмыс істеген кезде алатын пайдасын және сенімді, табысты кірісін тек осы кәсіпорыннан алатынын түсінеді, өйткені бұл кооперативке мүше болудың шарты – осы кәсіпорында жұмыс істеу керек.
Осыған байланысты жұмыс беруші көптеген мәселелерді шешеді. Ол жалақы қорын көтерместен өз қызметкерлерінің жалақысын көтереді. Ол осы тетіктің көмегімен осы кәсіпорында өте тартымды жұмыс жағдайларын жасай алады және ең тартымды қызметкерлерді өзінің қол астында ұстай алады.
4. Заңды тұлғалар. Заңды тұлғалардың бір үлкен проблемасы бар, ол – бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғамен бірігуі, яғни компаниялар тобы пайда болса, бұл қалыпты жағдай. Содан кейін ол бизнес өркендейді, құлдырайды. Олар ақшаны әрі-бері аударады, осылайша ойда жоқ жерден салық пайда болады. Содан кейін біреуі екіншісіне, екіншісі үшіншісіне көмектеседі, күтпеген жерден салық пайда болады. Бұл кәсіпорындарға пайдасыз, өйткені олар кәсіпорынның дамуына көмектеспейді. Өкінішке орай, ұзақ мерзімді болашақта мемлекет үшін де салық жағымсыз жағдай болмақ. Сондықтан мемлекет үшін салық салуды арттыру және бизнеске түсетін салық жүктемесін азайту үшін, өз компаниялар тобын қолдау үшін оларды бір кооперативке біріктіру тиімдірек. Сонда ақша кооперативте жүреді, ал жарнашылардың арасындағы ақшаны кооперативті кредит беру арқылы бір-біріне жіберуге болады, өз компаниялар тобыңызды басқа кәсіпорындардан бөлек қолдай аласыз. Осылайша заңды мүлдем бұзбайсыз. Бұл өте маңызды.
6. Өз бизнесі үшін инвестиция тапқысы келетіндер үшін. Инвестиция табу, өйткені бүкіл әлемде бұл «Крауд-инвестинг» деп аталады, бұл жағдайда инвестор сіздің бизнесіңізді қолдауға келеді. Ол бизнесіңізді қазір ЖШС-дегідей ақшамен ғана қолдамайды. Кооперацияда өз бизнесіңізді кооператив ретінде құрсаңыз, инвестор келіп, сізге өз жабдықтарын әкелуі мүмкін, кәсіпорныңыздың өсуіне көмектесу үшін жұмыс істеп көмектесуі мүмкін. Бизнесіңізді көтерудің ең тиімді жолы – азаматтардың экономикалық қауымдастықтары арқылы крауд-инвестинг.