8. ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ
Бизнесіңізге ақша тартудың бірнеше жолы бар.

Ең оңай жолы – кредит, бірақ бұл өте қымбат. Кредит алған кезде сіз оны пайызымен төлейсіз. Сақтандыру төлемдерін ескергенде, қолма-қол ақшаға айналдыру пайызын ескергенде, бүкіл пайыздық мөлшерлемені ескергенде,  нақты тиімді мөлшерлеме шамамен 33% болады. Мәселен, кірпіш зауытын ашу үшін 1 миллион доллар алдыңыз делік.

Мерзімді таңдаймыз, әдетте, біз 20 жыл деп аламыз, банк «жоқ, тек 10 жыл береміз» дейді. 10 жылдан кейін банкке қанша ақша қайтарасыз? Сіз 1 миллион алсаңыз, 3 миллион үш жүз мың (төлемдер бойынша пайыз) және оған қоса 1 миллион қайтарасыз.

Берілген кредитті кешіктірмей төлеген бірде-бір кәсіпкерлерді көрген емеспін. Өйткені кез келген бизнес қашанда «ойлы-қырлы» болып келеді.

Бизнесменнің бұл шекке сәйкес келу мүмкіндігі өте аз, ал егер оның тілін таппасаңыз, оған қоса айыппұл төлейсіз. Айыппұл үлкен емес, өте үлкен сома. Егер мен бір миллион теңге немесе 10 миллион теңге сомасында тұтыну кредитін алсам, әрине, оны кешіктірмейтініме сене аламын. Ал егер кәсіпкерлік туралы, әсіресе негізгі қорға ақша салу туралы айтатын болсақ, мәселе басқаша. Олар амортизацияны есептемейді. Мен өзім «Капитал» зейнетақы қоры төрағасының орынбасары болдым, бұл ЦКБ (Центр кредит банкінің) тобы. Содан кейін осы ЦКБ жүйесіне қызмет көрсететін бағалау компанияларын қамтитын компаниялар тобында болдым. Банк ¼ (бірге төрт) коэффициентін белгілейді, яғни кредит алсаңыз, кепілге қойылатын мүлік оны төрт есе жабуы керек. Ал 1-дің 4-ке қатынасын банк қалыпты деп санайды. Өйткені банк үшін өтімділік қашанда маңызды. Банкке сіздің ақшаңыз қажет емес, оған өтімділік қажет. Әрі қарай жалғастырайық.

Ең бастысы, нәтижесінде 4 миллион үш жүз мың теңге бересіз. Бастапқыда 1 миллион алдыңыз. Бұл тиімсіз. Бірақ бұл ең қолжетімді ақша. Сіз жұмыс істеген кезде пайда табуыңыз керек. Оған адамдарыңыздың жалақысы, салықтар қамтылғаннан бөлек, банктің қызмет көрсеткені үшін өзіндік құн пайызын есептеуіңіз керек. Кредитті жапқанға дейін бизнесіңіз сізге жұмыс істемейді. Бизнесіңіз банкке жұмыс істейді. Бұл бірінші модель. Бірден айтамын, кредит бұл бизнесті қаржыландырудың ең қолжетімді моделі, бірақ өте қымбат.
Екінші модель. Тікелей инвестициялар. Тікелей инвестиция дегеніміз не?

Бұл инвестор табасыз, ол сіздің жобаңызға инвестиция салады дегенді білдіреді. Инвестор сіздің жобаңыздан қанша пайыз алғысы келеді? (залдың нұсқасы, кем дегенде 51%). Неліктен? Себебі тәуекел бар!
Мен өз ақшамды саламын, сол үшін өзім басқарғым келеді. Мен кез келген уақытта ақшамды қорғау үшін жобаға араласқым келеді. Бұл заңды. Сонымен қатар ол өз адамын сіздің жобаға қосып қояды.
Үшінші модель: Кооперативтер арқылы инвестиция тарту

Дүкендерде үстеме ақша қосудың орташа пайызы шамамен 40% құрайды. Бұл күніне 2000 теңге. Күніне 2000 теңге дегеніміз не? Демек, жылына орташа статистикалық кедей отбасы 730 000 теңгені лақтырады. Яғни, олар 730 000 теңгеден аз төлесе де, тауардың сапасы өзгермейді. Тауар сол қалпы қалады. Жалпы ештеңе өзгермейді, бәрі сол деңгейде қалады. Мен тек iPhone деңгейінде ғана емес, сонымен қатар үлкен жобалардың негізінде де  ортақ тұтыну дегеннің не екенін түсінгеніңізді қалаймын.

Кооперативтік жобалардың басты ерекшелігі – олар бірлескен тұтыну моделіне негізделсе, олар өте тиімді болмақ. Себебі кооперативтер – бұл толық коммерциялық жоба емес. Бірақ қазір сіз қосымша табыстың қалай қалыптасатыны туралы тетікті түсінесіз.

Сізде лақтыруға дайын тұрған 730 000 теңге бар ма? Ал сіз бұл ақшаны жыл сайын тастайсыз. Мұны түсінгеннен кейін адамдар «маған бұл ұнамайды, мен ол ақшаны үнемдегім келеді» дейді.

Бүгінгі таңда БҰҰ деректері бойынша әлемде 700 млн-ға жуық адам экономикалық қоғамдастықтарда жарнашы екен. Оның 80%-ы ЭЫДҰ елдерінде. ЭЫДҰ елдері – бұл әлемдегі ең бай елдер. Сонда «бай елдер азық-түлік үшін аз ақша төлейді, ал кедей елдердегі адамдар көп ақша төлей ме» деген сұрақ туындайды. Күтпеген жерден артық төлем пайда болады. Дамыған елдер бір нәрсе жасап қойған. Олар бірігіп, бірлескен сауда жасайды. Егер әрқайсысына 1 кг картоп керек болса, бүкіл үй бірігіп, бір тоннасын сатып алады, бұл жағдайда көтерме сатушы мұндай клиенттерге қуанады. Ал егер әрқайсысы 50 кг картоп алса, бұл тіпті, бірнеше тонна. Онда бүтіндей бір вагонға тапсырыс бере аласыз, олар картопты үйіңізге әкеп береді. Олай болса, ЭЫДҰ-да олар кооперативтің қалай жұмыс істейтінін түсінді де, бәрін бірге сатып алуға шешім қабылдады, өйткені осының арқасында олар өз ақшаларын үнемдейді.

Бізде мұндай кооператив жұмыс істеуі үшін шамамен 6 миллион теңге қажет деп есептедік. Бұл сомаға осы кооперативтің жұмысына қажет барлық тікелей шығындар кіреді. Кооператив төрағасы мен жұмысшыларға жалақы төлеу керек, қоймалар мен үй-жайлар, осы үй-жайларға арналған жабдықтар мен жиһаздар, жыл бойы ашық болуы және жұмыс істеуі үшін коммуналдық қызметтер қажет. Бірақ бір мәселе бар. Барлық 100% тұрғын жиналысқа келіп, кооперативке кірді делік. Бірақ іс жүзінде тек 20%-ы ғана ақша салады. Қалғандары бұл қаржы пирамидасы деп айтады. Бірақ оған мүлдем ұқсамайды. Біз бірігеміз де, картопты көтерме бағамен сатып аламыз дейміз. Мұнда ешқандай қаржылық пирамида жоқ. Бірақ сенбейтін адамдар да, сенетін адамдар да бар, қалай болса да, олар ешқашан ақша бермейді.

Нәтижесінде сізде 425 пәтердің (стандартты көп қабатты үй) 20%-ының, яғни 84 пәтердің ақшасы болады. Бізде әлі бұл кооперативке кірмеген адамдардың тағы 80%-ы бар, бұл 341 пәтер. Мінеки, кооператив жұмыс істей бастады. Біз 6 миллионды 425 пәтерге бөлеміз, өйткені бүкіл шығынды тең шарттармен бөлеміз. Бұл шамамен 73 мың теңге. Осының есебінен біз бірінші жылы 730 мың теңге үнемдейміз. Біз кооперативке кірмеген 80% туралы ұмытпауымыз керек. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кооператив бөлек бухгалтерлік есеп жүргізеді. Біз жарнашыларға байланысты бүкіл ақшаны бөлек есептейміз. Тұтыну кооперативі тек кооператив мүшелеріне өзіндік құн бойынша жеңілдік беруге құқылы, кооператив мүшелері емес адамдарға нарықтық бағамен сатылады.

Неліктен? Себебі мемлекет өз салығынан айырылмауы керек. Демек, біз осы 730 000 теңгені бұрын белгісіз біреуге беретінбіз, енді бұл ақшаны кооперативке береміз.

Енді 336 пәтерді 730 000 теңгеге көбейтуге болады, 252 млн. шығады.
«Неге адамдар дәл сол дүкенге барады?» деген сұрақ туындайды.

Менің жауабым: өйткені бұл 84 адам өзіне тапсырыс береді. Олар сапасыз тауар алмайды. Ана жақта тауар жақсы, ал бағасы барлық жердегідей. Кеңес заманында кооперативтік дүкендер болған, бірақ бағасы қарапайым дүкендерге қарағанда екі есе қымбат болды. Алматыда жақын жерде ең үлкен кооператив дүкені болды, ал оның бағасы екі-үш есе қымбат болды. Бірақ онда қашанда кезек көп болатын. Неге екенін білесіз бе? Сапа! Егер кәдімгі дүкеннен сапасы түсініксіз картоп сатып алсаңыз, онда кооператив дүкенінен ірі, балғын және дәмді картоп ала аласыз. Кәдімгі дүкендегі ет қатты, тұрып қалған болуы мүмкін. Ал кооператив дүкенінде балғын ет болады. Сондықтан онда қашанда кезек үлкен болатын.

Сонымен, кооперативке кірмеген адамдар да осында келеді, көрші аулалардан да келетін шығар. Бірақ біз оларды есепке ала алмаймыз, өйткені біз есептеуге ыңғайлы болу үшін қатаң математиканы ұстанамыз.
252 млн бұл өте үлкен сома, бұл бюджет. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, сіз бұл ақшаны дивиденд ретінде бере алмайтыныңызды түсінген маңызды. Бұл коммерциялық емес ұйым, сондықтан ақша кооперативте қалады. Кооператив мүшелері әрине, сол жерден ақша ала алады, бірақ олар минус 33% жоғалтуға дайын болуы керек. Неліктен? ӘМСҚ бойынша ақша төлеуіңіз керек, зейнетақы аударымдарын төлеуіңіз керек, сонда ғана олар бұл ақшаны ақша түрінде ала алады. Есесіне кооператив шаштараз немесе сұлулық салонын аша алады.

Әйелдер, кооператив мүшелері тырнақтарын тегін бояуға, шаштарын тегін сәндеуге келеді, өйткені бұл жарнаның құнына кіреді. Ал кооперативке кірмейтін әйелдер ақшаны түгел төлейді. Есесіне алысқа барудың қажеті жоқ. Есесіне бұл кооперативтік бюджет енді 250 млн теңге емес, одан да көп болады.
Ең бастысы, кооперативте бюджет пайда болды. Орташа алғанда, бір адамға 3 млн. тг шығады. Ал енді математикаға жүгінетін болсақ: мен 73 000 тг салдым, 730 000 тг үнемдедім, сонымен қатар 3 000 000 тг тең теңгерімім пайда болды. Егер мен өз жарнамды сатқым келсе, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сата аламын, сыйға тарта аламын, мұра арқылы да бере аламын. Егер мен оны сатқым келсе, оны қандай бағамен сата аламын?

Банкирлер «мен өз жарнамды кіріс әдісімен бағалаймын» дейтін еді. Бізде кіріс әдістері бойынша жарнаны бағалау шегі қанша? Қазақстанда бұл бес жыл. Бес жыл ішінде кооператив табыс әкеледі, біз сенеміз. Егер одан көп болса, сенбейміз, тіпті, жоспарламаймыз да.
3 000 000*5=15 000 000

Біз 73 мың теңге салдық, бірінші жылы 730 мың үнемдедік, оның құнын 15 000 000 теңгеге бағалай аласыз.
Шындық оның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп тұр. Дүкенге келгенде сіз картопты кооператив мүшесі ретінде 42 теңгеге аласыз, ал мен кооператив мүшесі емеспін, сол үшін бір килограмын 120 теңгеден сатып аламын. Олар мені алдап кеткендей сезінемін де, неге олай екенін сұраймын. Олар маған оның жарнашы екенін, оның теңгерімінде 3 млн бар екенін айтады. Мұндай жағдайда мен де өз жарнамды алғым келеді. Бұл тіпті, 15 емес, 10 миллион болсын. Бұл сонда да пайдалы, өйткені мен басында 73 000 теңге салдым ғой.

Біреу «мен ақшалай алмаймын, бірақ кооператив менің коммуналдық қызметтерімді төлесін» деп айтуы мүмкін. Кооператив төлейді, бірақ шегерімге қояды, өйткені Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, егер кооператив ақшаны нысаналы жарғылық мақсаттарға, міндеттерге жұмсаса, салық салынатын базаға түспейді. Ал кооперативтің негізгі мақсаттары мен міндеттері кооператив мүшелеріне қызмет көрсету болып табылады. Кооператив коммуналдық қызметтерді төлей алады, бензин сатып алады, тіпті, көлік пен пәтер сатып ала алады.

Ол мұны шегерімге қояды. Содан кейін олар IT жобасын сатып ала алады. Егер жоба табыс әкелсе, олардың теңгерімі артады. Олар кірпіш зауытын сатып ала алады.
Біздің фермерлердің ең үлкен қиындығы – оларда тұқым сатып алатын, төл сатып алатын, техниканы жалға алатын ақшалары жоқ. Біз бұл ақшаны осы бюджеттен оларға бөліп бере аламыз ба? Әрине!
Ал олар бұл ақшаға бізге картоп, сәбіз, кез келген басқа нәрсе сеуіп береді. Біреулер бұқа сатып алады.
Алматы облысында біз бұл модельді есептедік. Бізде бір отбасын бір жыл бойы күн сайын бір килограмм картоппен қамтамасыз ету үшін небәрі 9 000 теңге қажет екен. Бір қызығы, бір фермер бір ауланы қамтамасыз ете алады. Және бұл оның қолынан келеді, өйткені ол қаржыландырылады және олар артығын нарық арқылы сата алады.

Сонымен, бүгін сіздермен кооперацияның бірнеше моделін өтеміз. Сонда кооперацияның бүкіл моделі ақшаны қаржыландыруға тікелей байланысты емес екенін көресіз. Адамдардың инвестициялық әлеуеті немесе тұтынушылық әлеуеті тартылатын кооператив модельдері бар екенін біз бүгін қарастыратын боламыз.
Кооперативтердің әртүрлі формалары бар екені анық.
Көптеген адамдар ит өсіреді, бұл өте тиімді бизнес, өйткені иттің азығын бәріміз сатып аламыз. Мен дәл осындай тұтыну кооперативіне бірігіп, иттің азығын өндіруші зауыттың бағасымен тұтынатын адамдарды көрдім, ал оның артығын нарыққа шығарып, нарықтың бағасымен сатады. Соның арқасында оларға азық тегін келеді.

Түркияда яхта клубын көрдім. Бұл қалай жұмыс істейді екен деп ойладым. Қандай модель қолданылады екен деген ой келді, содан кейін түсіндім. Яхтаны тұраққа қою ақысы тәулігіне 800 евро екен. Сұмдық ақша. Ал егер яхтаңыз болса, бұл түк емес. Сонымен яхта клубы өзінің яхталарын сақтау үшін кооператив ашады екен. Бірақ олардың яхталары үнемі айлақта тұрмайды, ал яхта теңізге шыққанда, оның орнына басқа яхталар тұраққа келуі мүмкін. Түркияда тіпті, кооперативтердің кооперативін көрдім, онда осындай яхта клубтары бірігіпті, осы кооператив мүшелері тек клубта белгіленген жерлерге тұраққа келе алады екен. Бірақ оларда жыл сайын төлейтін мүшелік жарналары бар. Яғни, олар тәулігіне 800 еуро емес, жыл сайын 2.000 еуро төлейді де, он кооперативке тиесілі орындарға тұраққа қоя алады.
Бұл модельдің болашағы бар.

Бізде стандартты шағын дүкен ашқан кезде кәсіпкер сол дүкенді ұстау үшін кредит алады, содан кейін кредит мөлшерлемесін төлейді. Ал кооперативтерге келетін болсақ, жағдай басқаша. Жақында доллардың бағамы өсті, барлық шағын дүкендер бірден тұралап қалды. Өйткені олар бағаның өсуіне төтеп бере алмайды, ал кооперативтік дүкендер бір қалыпты жұмыс істеп тұрды. Өйткені оларға бағаның көтерілгені әсер етпейді, тағы 10 000 теңгеден шығарса, дүкен әрі қарай да жұмыс істеп тұра береді.  Он мың дегеніміз өте аз ақша. Бірақ нәтижесінде дүкен жабылмайды, нәтижесінде олардың табыс көзі тоқтап қалмайды, керісінше, қиын жағдайға қарамастан оларға пұл болуын жалғастыруда.

Осы дүкенге қызмет көрсететін кәсіпкер жалғыз өзі болса, оның өмірі қандай болмақ? Ол алғашқы 10 жылын дүкенге жұмыс істейді, ал екінші 10 жылын 24/7 жұмыс істеп құртқан денсаулығын қалпына келтіреді. Ал қызметкер жалдаса, ол ұрлай бастайды. Мәдениет осындай.

Ал енді осы дүкеннің 84 иесі бар деген модельді елестетіп көрейік, олар күн сайын дүкендегі тауарды тексере алады, ондағы қызметкерлер қашанда тап-тұйнақтай, ұқыпты болып тұрады. Өйткені олардың қожайыны кез келген уақытта кіруі мүмкін, тіпті, күн сайын кіреді. Қожайындар да алаңдамайды, олар тек 73000 теңгесін өткізіп, бақылап жүреді. Мұның бәрі өте жақсы жұмыс істейді.

Еуропада тек Кооперативтік дүкендер бар, ШОБ мүлдем көрмейсіз. Не отбасылық, не кооператив. Ал отбасылық дегеніміз қандай? Бұл да кооператив. Түркия, Италия, Австрия және бүкіл Еуропа елдеріне бардық,  барлық жерде кооператив. Қытайда, Жапонияда шағын кәсіпорындарды мүлдем кездестірмейсіз, олардың бәрі communa, қалалық коммуна, өйткені дәл осы дүкендер алпауыттарға айналады. Өйткені бұл сіздермен есептеген  бюджеттен құралады. Мен мұны сіздерге кішкентай сандармен есептедім, ақшасы жоқ және ақшасын белгісіз жерлерге шашатын ең кедей халыққа қызмет көрсететін ең қарабайыр кооперативті ғана көрсеттім.

Басқа сегментті алып көрейік, мысалы, өзіндік құны әлдеқайда жоғары, тиісінше кооперативтерге бірігу тиімдірек болатын басқа өнімді алайық, өйткені мұндай жағдайда кіріс әлдеқайда жоғары, әлгі айтылған iPhone-да да осы. Содан сіз табысты бизнесті басқара бастайсыз.

Маған Таиланд ұнайды, онда демалған ұнайды. Мен оның да есебін шығардым, маған 300 жарнашыны жинау керек, олар Таиландқа баратын бір сапар үшін қанша ақша төлесе, маған жарна ретінде сонша ақша төлейді, бұл шамамен 2000 доллар. Бұл сомаға мен Таиландтың теңіз жағалауынан өте жақсы қонақүй сатып ала аламын. Онда жыл бойы демалуға болады. Біз сияқты жарнашылар тек жаңа жыл, Қытайдың жаңа жылы және Наурыз мерекелерінде демалмаймыз. Себебі шамамен 2 айға созылатын бұл үш мерекеде клиенттер басқа уақытқа қарағанда көп болады. Осы уақыт ішінде біз үстеме табыс табамыз, қалған уақытта Таиландтағы қонақүйімізге өзіміз барып, демалуға болады. Оған қоса мұндай кооператив өзін-өзі ақтайды. Өйткені біз Қытайдың жаңа жылы, жаңа жыл және Наурыз мерекелерінде тұтынатын барлық трафикті игерумен қатар, Таиландқа сапар шеккісі келетін көршілерімізге қонақүйімізді сата аламыз. Ол көршімізге қымбатқа түспейді. Көршіміз жаңа жылға төлегендей 2000 доллар емес, 1000 доллар, әуе билетіне 500 доллар, маған 500 доллар төлейді. Қалай болса да, қонақүйімізді толтырамыз. Елестетіп көріңізші, 300 жарнашы, олардың әрқайсысына жылына 2 жолдамадан сатылады, барлығы 600 жолдама. Бұл ешкім демалуға бармайтын маусымда.
Барып, коттедж сатып алатын туристік модельді бәрі біледі. Онда жылына екі аптаға барып демалуға болады. Шеринг туризм. Онда сатудың қажеті жоқ, онда сіз жай ғана сатып алып, демаласыз.
Сонымен, қорытындылайық.

Алдымен сіз осы айтылғандардың бәрін тұтынушы ретінде түсіндіңіз. Баға қосылатын бұл күрделі тізбек кезінде артық төлеудің қажеті жоқ.

Екіншіден, өз бизнесіңізге инвестицияларды қалай тартатыныңызды мен түсіндірдім. Бұл ең арзан және тиімді ақша. Кірпіш зауытына қатысты айтарым, кірпіш сатып алатын адамдар көп пе? Көп! Оларды жарнашы ретінде тартыңыз. Олар өз үйлерін өздері салады, содан кейін сіздің кірпішіңізді нарықта әрі қарай сатуға көмектеседі, соның арқасында аз шығын жұмсап, инвестор аласыз, әрі қарай бизнесіңіз өркендейді.
Біз кооператив құруды, кооперативті басқаруды және осы жерде жұмыс істейтін барлық ішкі тетіктерді үйренуді жалғастырамыз.

© 2025 "Қазақстан Республикасы Кооперативтерінің және экономикалық қауымдастықтарының басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығы"
Tilda Publishing