Кооператив дүкені
Өткен сабақта қазір әлемде неге шеринг экономика үстемдік ететіндігінің негіздерін білдік. Неліктен әлем тұтынушылар арасындағы кооперацияны дамытуға тоқтаусыз ұмтылуда.
Нақты жағдайды қарастырайық. Нақты жағдай – бұл күнделікті сұранысқа ие тауарларды сатып алатын үй маңындағы дүкен. Әр қаладағы жағдайдың қандай екенін білмеймін, бірақ мен Алматы қаласының аумағында көріп жүрген бағаларыма сүйене отырып айтамын. Оның үстіне мен Алматы қаласындағы күнделікті сұранысқа ие тауарлар нарығындағы бағаларды зерттеген жұмыс тобының құрамында болғанмын.
Әкесі, анасы және екі баласы бар орташа отбасын алайық. Біз күн сайын 5000 теңгеге тең тауар тұтынамыз. Талдауымызды салыстырайық, көтерме сауда базарынан көретін бағамыз бен бөлшек сауда базарынан көретін бағамыз таңғалдырады. 100% баға қосылады. Егер мен Алтын Ордадан, Алматы қаласының жанындағы көтерме базардан жүзімді 250 теңгеден сатып алсам, бұл қалада ең аз дегенде 600 теңгеден сатылады. Өте көп мөлшерде жеңілдік жасалған күннің өзінде 500 теңгеге табамыз, одан кемі жоқ.
Сонымен, біз күн сайын 5000 теңгеге сауда жасаймыз. Бізде күнделікті тауарлар тобы бар, олардың үстіне көп ақша қоса алмайсыз, өйткені мемлекет оны қатты қадағалайды. Бұл нан, қант және т. б. сияқты тұтыну себетіне қамтылған тауарлар. Содан кейін біз 100% ақша қосуды емес, 40% көлемінде қосылатын ақшаны айтып тұрмыз.
Демек, 5000 теңгеден 40%-ды алып тастаймыз, 2000 теңгені түсініксіз делдалдарға береміз. Біреулер 2000 теңге түк емес, өйткені біз тауарыңызды үйіңізге дейін апарамыз деп айтуы мүмкін. Бірақ жылына 730 000 теңге шығады. Одан да бұл соманы балаларға жұмсаған немесе жаңа жылға бір жерге барып келген жақсы емес пе, дұрыс па? Тіпті, бұл ақшаны үйдегілерді қуанту үшін жұмсайтын жер табылады. Не істеу керек? Мұндай адам сенгісіз үстеме ақша бүкіл әлемде бар. Енді 425 пәтерден тұратын Хрущев дәуірінде салынған үйдің стандартты ауласын алайық. Бұл күнделікті сұранысқа ие тауарларды сатып алудың кооперативтік тәсілінің ерекшелігі неде? Бұл ауланың тұрғындары мұның бәрін жеке-жеке сатып алмайық, адам жалдайық, оған жалақы төлейік дейді. Ол бірнеше адам болуы мүмкін, сөйтіп олар бізге Алтын Ордадан немесе фермерден өнімді жеткізеді. Сонда біз жылына 730 000 теңге үнемдей аламыз.
Сонымен, тәжірибе көрсеткендей, адамдардың 100%-ы ешқашан кооперативке кірмейтінін білеміз. Ең керемет деген күннің өзінде адамдардың 20%-ы бірігеді, бұл шамамен 84 пәтер. Сөйтіп осындай кооператив құрады. Адамдардың 80%-ы әртүрлі себеппен кооперативке кірмейді. Біреу менің ақшамды ұрлайды деп кірмейді. Кооперацияның ерекшелігі де осында – біз көрші болуды үйренеміз, бір-бірімізге сенуді, жақсы өмірімізді бірге құруды үйренеміз. Бірақ шындығына келгенде, 336 пәтер кооперативке кіру идеясын елемейтінін айтады. Біз не аламыз? Мен мұны бірнеше рет есептедім. Бізде адамды жалдау, осы өнімді сақтауды іске қосу, осы өнімді жеткізу үшін жылына шамамен 6 млн теңге жұмсалады екен. Мұндай кооператив жұмыс істеуі үшін осыншама сома жинау қажет.
6 млн теңгені 84 пәтерге бөлеміз. Егер қатысушылар көп болса, онда жарна мөлшері аз болар еді. Бірақ біздегі шындық осы: жылына 6 млн теңге бұл шамамен 73 мың теңге пай жарнасын құрайды, бұл әр үй 73 мың теңге салатынын білдіреді. Олар кооперативтің басшысын жалдайды, қандай да бір қойманы жалға алады немесе 84 адамның біреуі «менің үй-жайым» немесе «қоймам бар» немесе «менде пәтер бар, жалғыз тұрамын, тұрғын үй ауданым маған жеткілікті» деп айтуы мүмкін. Сөйтіп ол адам бұл ақшаны жарна ретінде енгізбей-ақ қойса болады. Өйткені ол өз пәтерін уақытша, осы тұрғындарға қажет тауарларды сатып алу үшін береді.
Кооператив маған осы жағынан ұнайды, өйткені заң бойынша бұл ЖШС емес, сізге кооперативке тек ақша күйінде салудың қажеті жоқ. Бәлкім, біреу «мен алты ай кооперативтің төрағасы бола аламын» деп айтуы мүмкін немесе кесте жасауға болады. Ең бастысы, бұл сома азаяды. Бірақ олар кооператив ашады. Сонымен, олар барлық ақшаны тапсырды делік, енді мынандай сценарийді қарастырамыз. Бір адам 73 мың теңге салды. Ол жылына 730 мың теңге үнемдеді. Олай болса, тұрғындар таза 630 теңге үнемдейді. Бұл керемет нәтиже.
Шындығында, бұл бір үлкен қуаныш сияқты көрінеді. Біз тұрғындардың өмір сүру құнын төмендете алғанымызға қуануымыз керек. Бірақ бізде әлі 80% адам бар ғой, біз оларды да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Бұл адамдар өз тауарларын сатып алу үшін қайда барады. Олар тағы да осы кооператив дүкеніне барады. Неліктен? Бәрі қарапайым. Мінеки, осы 84 адам Кооператив төрағасына күнделікті сұранысқа ие тауарларды сатып алуды тапсырып, олардың жоғары сапалы тауарлар екеніне көз жеткізеді. Өйткені тауар жарнашылардың ақшасына сатып алынады, олар қолға түскен нәрсені сатып алуға жол бермейді. Жаңағы адамдар да осы дүкенге осы себептермен келеді. Бұл дүкен жақын, ыңғайлы әрі сапалы.
Бір ерекшелік – ҚР Заңнамасы бойынша кооператив қызметтер мен тауарларды өзіндік құны бойынша тек өзінің жарнашыларына ұсына алады. Кооператив мүшесі болып табылмайтын адамдар үшін кооператив сол тауарлар мен қызметтерді жылына 730 000 теңгеге тең үстеме бағамен, яғни орташа нарықтық бағамен ұсынуға міндетті.
Сонда қалай болғаны? Кооператив жұмыс істеген бір жыл ішінде жалпы 252 млн. теңгеге тең жарна алады. Бұл керемет сома. Бұл соманы кооперативтің 84 мүшесі басқарады. Кооперативтің әрбір мүшесіне бұл шамамен 3 млн теңгеден тиесілі болады.
Жарнашы 73 мың теңге төлеп, 600 мың теңгеден астам соманы үнемдеп, бақытты күйге бөленіп жүр. Ал енді тағы 3 млн. теңгеден астам жылдық табыс алады. Өте маңызды сәт – кооперативте өзіндік шектеулер бар. Олар бұл соманы дивиденд ретінде бөле алмайды. Олар бұл соманы тек жалақы түрінде бөле алады, содан кейін олар шамамен минус 31% жоғалтады, бұл мемлекетке салық ретінде міндетті түрде төленетін сома.
Екіншісі – кооперативке коммуналдық қызметтерді төлеу, кейбір қызметтерді төлеу, бензин сатып алу, балалардың оқу ақысын төлеу, емдеу ақысын төлеуді тапсыруға болады. 3 млн теңге – бұл олардың кооперативке өздері үшін төлеуді тапсыра алатын активі. Бірақ сол ақшаға кооператив сол аулада сұлулық салонын ашып, шаштараз жалдаймыз деген шешім қабылдауы да мүмкін. Содан кейін олар шаш қиғаны үшін артық төлемейді, оларға ақшаны өзіндік құны бойынша төлейді, өйткені барлық сома жарна есебінен өтеледі.
Бірақ олар әрі қарай дами алады. Олардың қоры болған кезде бұл аула фермерді тауып, оған барып, біз сізге тұқым мен материал сатып аламыз, біз сізге трактор жалдаймыз, су өткіземіз, қажет нәрсенің бәрін өткіземіз, сіз бізге картоп, сәбіз өсіріп, жұмыртқа бересіз деп айтуы мүмкін. Бәлкім, олар тіпті, тоған ашып, өздері үшін балық өсіретін шығар. Содан кейін олар көкөністерді, жемістерді, күнделікті сұранысқа ие тауарларды ең төмен бағамен алады. Және оларды төмен бағамен ала тұра, артығын еркін нарыққа жеткізеді. Сөйтіп жарнашылар қосымша актив таба алады. Олардың көмегімен жарнашылар бүкіл әлем бойынша саяхаттай алады, олардың өмірі жақсы жаққа өзгереді. Сіздерге де тілерім осы!