«Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығы» ЗТБ жанындағы Вермифермерлер кооперативтерінің даму комитеті құрылды.
2022 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығы жанында Вермифермерлер кооперативтерінің даму комитеті құрылды.
Комитет төрағасы болып Әсембеков Бақытжан Мырзанұлы тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығы» ЗТБ, ӨЗҰ-ның миссиясы:
Халықтың өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі басқаруы, ынтымақтастығы және өзара көмегі арқылы олардың әл-ауқатын жақсартудың тиімді тетігі ретінде кооперативтерді және экономикалық қауымдастықтардың басқа да нысандарын дамыту үшін жағдай жасау.
Кооперативтер қызметі үшін мемлекеттік органдармен және өзін-өзі реттеуші органдармен өзара әрекеттесудің стандарттарын, ережелерін, рәсімдерін әзірлеу және енгізу, кооператив қатысушыларының құқықтары мен мүлкін қорғауды, кооперативтік қозғалысты дамытуды және қаржы пирамидаларымен күресті қамтамасыз ету.