Құлмақ өсірушілер кооперативтерінің даму комитеті құрылды.
2023 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығы жанында Құлмақ өсірушілер кооперативтерінің даму комитеті құрылды.
Комитет төрайымы болып Айгүл Ақшалова тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығы» ЗТБ, ӨЗҰ-ның миссиясы:
Халықтың өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі басқаруы, ынтымақтастығы және өзара көмегі арқылы олардың әл-ауқатын жақсартудың тиімді тетігі ретінде кооперативтерді және экономикалық қауымдастықтардың басқа да нысандарын дамыту үшін жағдай жасау.
Кооперативтер қызметі үшін мемлекеттік органдармен және өзін-өзі реттеуші органдармен өзара әрекеттесудің стандарттарын, ережелерін, рәсімдерін әзірлеу және енгізу, кооператив қатысушыларының құқықтары мен мүлкін қорғауды, кооперативтік қозғалысты дамытуды және қаржы пирамидаларымен күресті қамтамасыз ету.