«Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығы» ЗТБ жанында MLM индустриясын дамыту комитеті құрылды.
«Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығы» ЗТБ, ӨЗҰ-ның миссиясы:
Халықтың өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі басқаруы, ынтымақтастығы және өзара көмегі арқылы олардың әл-ауқатын жақсартудың тиімді тетігі ретінде кооперативтерді және экономикалық қауымдастықтардың басқа да нысандарын дамыту үшін жағдай жасау.
Кооперативтер қызметі үшін мемлекеттік органдармен және өзін-өзі реттеуші органдармен өзара әрекеттесудің стандарттарын, ережелерін, рәсімдерін әзірлеу және енгізу, кооператив қатысушыларының құқықтары мен мүлкін қорғауды, кооперативтік қозғалысты дамытуды және қаржы пирамидаларымен күресті қамтамасыз ету.