2021 жылғы 16 наурызда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов және Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығының президенті Қазыбек Шайх автомобиль жолдары бойында тұтыну кооперативтері және жаппай кәсіпкерлік нысанындағы экономикалық қауымдастықтарды дамытудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Тараптар келесі бірлескен жұмыстарды дамытуға келісті:
- Экономикалық қауымдастықтардың республикалық маңызы бар жолдардағы жол бойы сервисін дамыту бойынша ынтымақтастық бағдарламалары;
- Ел тұрғындарының экономикалық қауымдастықтарымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (МЖӘ) іске асыру жобалары;
- Битум нарығындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарлары.
Ынтымақтастық кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтар арқылы халықты белсенді тарту арқылы жол бойы инфрақұрылымын дамытудың балама нұсқасын ұсынады және халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.