Алматы қаласы
№ 7
2021 жылғы 31 наурыз
Қатысқандар:
мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері
(тізім бойынша)
Күн тәртібі:- Қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржы пирамидаларының алдын алу және оларды уақтылы анықтау тәсілдері;
- Құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам институттары арасында тиімді кері байланыс арнасын құру арқылы өзара іс-қимылды жақсарту.
- Қаржы пирамидаларының алдын алу және уақтылы анықтау бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық меморандумын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарын талқылау.
1. Қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржы пирамидаларының алдын алу және оларды уақтылы анықтау тәсілдері. (Абдрахманов Н.А., Қанатбаева А.Ш., Күсетов С.С., қоғамдық ұйымдардың өкілдері)
1. ҚҚДҚА Қаржы тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаменті (Қанатбаева А.Ш.) халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған материалдарды орналастыру туралы ақпарат берді (Fingramota.kz веб-сайтында, әлеуметтік желілерде және т.б.). Халықты жалпы мақсатты қамту мәселесі бар екені атап өтілді. Халықты кеңірек қамту үшін Агенттік жергілікті атқарушы органдарға 2021 жылғы мамыр айында жергілікті жерлерде дәрістер мен семинарлар өткізу туралы хат жолдады (қала құраушы кәсіпорындардың қызметкерлері үшін, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, университет студенттері үшін және т.б.), эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн-тренингтер түрінде өткізіледі.
2. «Рақым» Әлеуметтік үйі» Қоғамдық қорының басшысы (Шералиева Б.К.) қаржы пирамидалары агенттерінің үгіт-насихат жұмыстарының (агрессивті жарнама, дәрістер және т.б.) проблемасы бар екенін атап өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы пирамидалары туралы ақпараттық (жаңалықтар) арна ашу қажеттілігін қарастыру ұсынылды.
3. «Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығының» Президенті (Шайх Қ.А.) қаржы пирамидаларының көпшілігі тұтыну кооперативтері, тұрғын үй кооперативтері және желілік маркетинг компаниялары (MLM) ретінде тіркелгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Қауымдастық кооперативтердің қызметі бойынша жұмыс жүргізуде, онлайн оқытулар өткізуде және кооперативтер үшін стандарттарды анықтауда.
Сонымен қатар, Қауымдастық кооперативтер ретінде жасырынып жүрген қаржы пирамидаларын анықтауға көмек көрсетуді ұсынады. Сондай-ақ, Қауымдастық жанынан MLM индустрия комитеті құрылды.
Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдарға «Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығының» ақпараттық платформасына (Kooperativ.kz) ақпаратты (таныстырылымдар, ақпараттық бейнелер, қаржы пирамидаларының белгілері бар компаниялар тізімдері және т.б.) орналастыру ұсынылды.
4. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Абдрахманов Н.А.) қоғамдық ұйымдардың кооперативтермен тікелей жұмыс істеуіне қатысты ұсынысты қолдады (ұсыныстар, стандарттар, оқу материалдарын беру). Бұл ұсынысты іске асыру тетігін пысықтау қажет.
5. Қоғамдық ұйымдар қаржы пирамидаларының агенттері – «қызықтырушылар» қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын хабарлады ма?
ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бөтен мүлікті ұрлауды ашуды ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары (Күсетов С.С.) қылмыстық заңнамада «қызықтырушыларды» қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкіндігі жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар, әрбір жағдай жеке және ерекше, бұл тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғауға болады.
6. Төраға орынбасары Абдрахманов Н.А. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне (Қанатбаева А.Ш.) қоғамдық ұйымдардан «қызықтырушылар» және кооперативтер туралы ақпараттық материалдарды сұратуды тапсырды. Сондай-ақ, бұл мәселелерді қаржы пирамидаларының алдын алу және уақтылы анықтау бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық меморандумын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына енгізу және қоғамдық ұйымдармен келісу.
2. Құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам институттары арасында тиімді кері байланыс арнасын құру арқылы өзара іс-қимылды жақсарту.
1. ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бөтен мүлікті ұрлауды ашуды ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары С.С. Күсетов өңірлер, облыстар департаменттерінің, Министрліктің әрбір басшысының ресми сайттарда блогтары бар екенін мәлімдеді. Барлық хаттар мен шағымдарға жеткілікті жылдам жауап беріледі. Сондай-ақ Play Market-тен жүктеп алуға болатын «102» онлайн қосымшасы бар, оған да шағым/өтініш беруге болады (Такси шақыру қосымшаларына ұқсас). Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсартуға қатысты, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы шеңберінде қолданыстағы жоспар бар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен 24 материал келіп түсті, олардың 3-і бойынша қылмыстық іс қозғалды және тергеу жүріп жатыр.
2. ҚР ҚМА Тергеу департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі Тұрлыбаев О.Н. – барлық өтініштер заңнама шеңберінде қаралады және ақпарат мемлекет белгілеген мерзімде беріледі.
3. «Қазақстанның Ломбардтар ұлттық лигасы қауымдастығы» ЗТБ басшысы Абзалилов Р.Ш. бүгінгі таңда қаржы пирамидасының белгілері бар компанияны анықтау туралы ақпаратты жіберу үшін Қауымдастық бірден 3 мемлекеттік органға бір уақытта (Агенттікке, ҚМА-ға, ІІМ-ге) жүгінетінін айтты. Мұндай өтініштерді жіберу үшін бірыңғай платформаны немесе бір мемлекеттік органды (мысалы, Бас прокуратураны) анықтау қажет, сол орган өзі таратып, содан кейін құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органға (егер бұрын қозғалған іс болса) жіберетін болсын. Сондай-ақ, сенімді ақпарат алу, сотқа дейінгі іс жүргізу жүріп жатқан, қылмыстық істер қозғалған немесе қаржы пирамидаларын құру фактілері бойынша сот шешімі бар компаниялар тізілімін алу үшін бірыңғай платформа/портал қажет.
4. Абдрахманов Н.Ә. құқық қорғау органдарынан (ҚМА, ІІМ) қаржы пирамидаларын құру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалған және сотта қаралған компаниялардың тізімін/тізілімін берген жағдайда, Агенттік бұл тізімді/тізілімді Fingramota.kz сайтына орналастыруға дайын екенін айтты.
5. «Еуразия заңгерлер және медиаторлар одағы «Практикос» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші вице-президенті Созақбайұлы Қ. осы Меморандумға қол қойған қоғамдық ұйымдар қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының аудандық, облыстық бөлімшелерімен конструктивті диалог үшін кездесуге бара алмайтынын мәлімдеді.
6. Абдрахманов Н.Ә. әрбір мемлекеттік орган үшін қоғамдық ұйымдармен/азаматтық қоғам институттарымен байланыс орнату арқылы кері байланыс арнасын (барлық азаматтық қоғам ұйымдары үшін бірыңғай формат) әзірлеу қажет екенін мәлімдеді. Бұл мәселені құқық қорғау органдары қоғамдық ұйымдармен бірлесіп пысықтауы қажет.
3. Қаржы пирамидаларының алдын алу және уақтылы анықтау бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық меморандумын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарын талқылау.
(Абдрахманов Н.Ә., Шағдаров М.Ә., Тұрлыбаев О.Н., қоғамдық ұйымдардың өкілдері)
1. Агенттіктің Қаржы ұйымдарын реттеу және пруденциялық реттеу әдістемесі департаментінің Қаржы нарығындағы теріс пайдаланулармен күрес басқармасының басшысы Шағдаров М.Ә. Агенттік қаржы пирамидаларының алдын алу және уақтылы анықтау бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық меморандумын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлегенін мәлімдеді. Іс-шаралар жоспарының жобасына қосымша ұсыныстарды енгізуге қатысты ақпарат Агенттікке жіберілуі тиіс.
2. «Рақым» Әлеуметтік үйі» Қоғамдық қорының басшысы (Шералиева Б.К.) – ұзақ тергеу кезеңінде алаяқтарға мүлікті үшінші тұлғаларға сатуға немесе беруге мүмкіндік берілетіні, сондай-ақ мүліктің бұғатталмауына байланысты оның кепілде тұрғаны анықталатыны мәлімделді. Сондықтан, қаржы пирамидалары бойынша қылмыстық іс қозғалған кезде, құқық қорғау органдары күдікті компанияның барлық мүлкін тез арада бұғаттауы қажет.
3. ҚР ҚМА Тергеу департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі Тұрлыбаев О.Н. қазіргі уақытта көптеген азаматтардың құқықтық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығы өте төмен екенін айтты. ҚМА тергеушісі қаржы пирамидаларының инвесторларын (жәбірленушілерді) шақырғанда, көптеген инвесторлар куәлік беруден бас тартады және компаниялардың заңсыз әрекеттері туралы арыз жазудан бас тартады. Сондықтан, қоғамдық ұйымдарға/азаматтық қоғам институттарына халыққа қылмыстық іс қозғалған ұйымдардың қызметінде қаржы пирамидасының белгілері бар екенін түсіндіруде және инвесторларға құқық қорғау органдарына арыздармен жүгінуге кеңес беруде, сондай-ақ куәлік беру арқылы қылмыстық істерді тергеуге көмектесуде көмек көрсету қажет.
Бұдан басқа, қылмыстық істерді тергеу барысында қоғамдық ұйымдардан өз саласындағы мамандар ретінде білікті көмек алу қажеттілігі бар. Ол үшін қоғамдық ұйымдардың/бірлестіктердің өкілдерін тергеуге маман ретінде тарту мүмкіндігін қарастыру қажет.
Қоғамдық ұйымдар ұсынылған әрбір сектор бойынша (ТК, ломбардтар, МҚҰ және т.б.) мамандарды тарту тұрғысынан құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге келісті.
4. Меморандум тараптары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне ұсыныстар енгізеді және Жұмыс жоспарын 2021 жылғы 26 сәуірге дейін келіседі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарыАбдрахманов Шақырылған қатысушылар тізімі:
- ҚОЖАХМЕТ Мадияр Дүйсенбайұлы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
- БӘКІРОВ Әнуар – ҚР Ұлттық Банкінің Банктерді және банк емес ұйымдарды дамыту департаментінің басшысы
- КҮСЕТОВ Самат Сұлтанұлы – ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық полиция департаментінің Бөтен мүлікті ұрлауды ашуды ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары
- ТҰРЛЫБАЕВ Орын Нұржанұлы – ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Тергеу департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі
- ОМАРХАНОВ Ербол Секенұлы – «Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің директоры
- АБЗАЛИЛОВ Роберт Шаукатович – «Қазақстанның Ломбардтар ұлттық лигасы қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы
- ШЕРАЛИЕВА Бибинұр Көкішқызы – «Рақым» Әлеуметтік үйі» Қоғамдық қорының басшысы
- ДАНИЛИНА Анна Викторовна – «Медиация және бітімгершілік орталығы» «Альтернатива» Қоғамдық бірлестігі
- СОЗАҚБАЙҰЛЫ Қанат – «Еуразия заңгерлер және медиаторлар одағы «Практикос» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші вице-президенті
- ПЕТРОВ Евгений Николаевич – «Құқық қорғау органдарына экономикалық және әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресте көмек көрсетуді қолдау қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің басшысы
- ШАЙХ Қазыбек Алтайұлы – «Қазақстан Республикасының Кооперативтер және басқа да экономикалық қауымдастықтардың ұлттық қауымдастығы» Президенті
- ҚАНАТБАЕВА Айгүл Пашиханқызы – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары
- ШАҒДАРОВ Мақсат Әмзеұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржы ұйымдарын реттеу және пруденциялық реттеу әдістемесі департаментінің Қаржы нарығындағы теріс пайдаланулармен күрес басқармасының басшысы