Пәтер иелері үйінің басқарушысына қойылатын біліктілік талаптары бекітілді.
Пәтер иелері үйінің басқарушысына қойылатын осы біліктілік талаптары келесілерді қамтиды:

  1. жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі мамандықтар бойынша: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (социология, саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология) немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар;
  2. ұйымда басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі немесе кондоминиум объектілеріне қызмет көрсету немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі; (Жаңалық тақырыбын басу арқылы толығырақ оқи аласыз).
Пәтер иелері үйінің басқарушысына
қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20315 болып тіркелді.

1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 16-2) тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Пәтер иелері үйінің басқарушысына қойылатын қоса беріліп отырған Біліктілік талаптары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде1 мемлекеттік тіркеуді;
  4. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін2 күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Қазақстан Республикасы К. Ускенбаев

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 169
бұйрығымен бекітілген.

Пәтер иелері үйінің басқарушысына қойылатын біліктілік талаптары

Пәтер иелері үйінің басқарушысына қойылатын осы Біліктілік талаптары келесі талаптарды қамтиды:
  1. жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі мамандықтар бойынша: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (социология, саясаттану, экономика, менеджмент, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология) немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар;
  2. ұйымда басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі немесе кондоминиум объектілеріне қызмет көрсету немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі;
  3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу (1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,1 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Табиғи монополиялар туралы», 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және өндірістік, экономикалық, қаржылық, шаруашылық, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері мен мемлекеттік органдардың актілері);
  4. басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау және іске асыру, жұмысты жоспарлау және бақылау, іскерлік келіссөздер жүргізу, көпшілік алдында сөйлеу, басқарушылық шешімдердің салдарын талдау және болжау, мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимыл жұмысын ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді практикалық қолдану, ұйымдастырушылық-әкімшілік құжаттарды әзірлеу, ресми құжаттармен жұмыс істеу дағдылары, компьютерлік және басқа да ұйымдастыру техникасын меңгеру;
  5. аккредиттелген сәйкестікті бағалау саласындағы ұйым немесе мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттау орталықтары берген кондоминиум объектісін басқару функцияларын орындауға біліктілікті растайтын құжатты алған немесе өзін-өзі оқытқан тұлға.

  • Дереккөз: adilet.zan.kz
© 2025 "Қазақстан Республикасы Кооперативтерінің және экономикалық қауымдастықтарының басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығы"
Tilda Publishing