2023 жылғы 5 сәуірде USAID және «Қазақстан Республикасының кооперативтердің және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандарының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ ҚБ «Тұтыну кооперациясы – халықтың әл-ауқатын арттыру тетігі» атты дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелге қатысушылар ретінде 1000-ға жуық адам тіркелді.
Қатысқандар:- Қазақстан Республикасы кооперативтерінің мүшелері – 92 адам (зум мүмкіндігі одан артық адамға жол бермеді).
- ҚР Жоғарғы Сотының өкілдері
- ҚР Бас прокуратурасының өкілдері
- ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері
- ҚР ҮЕҰ өкілдері
Дөңгелек үстелдің мақсаты:- Қазақстанда демократияны, өзін-өзі басқаруды және халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуде өзін-өзі ұйымдастыруын дамыту.
- Кооперативтер қауымдастығы, мемлекеттік органдар, тергеу органдары, БАҚ және Соттар арасында кооперацияны халықтың әл-ауқатын арттырудың бүкіл әлемде көптеген жылдар бойы өзін дәлелдеген тиімді тетігі ретінде енгізудің құқықтық сауаттылығын дамыту әдістемесін әзірлеу үшін диалог өткізу.
Қаулы етілді:Елімізде кооперацияны енгізуге бірнеше негізгі фактор кедергі келтіреді:
- Халықтың, тергеу органдарының, БАҚ және Судьялардың заңды кооперативтер мен заңсыз қаржы пирамидаларын ажырата алмауы. Бұл сауатсыздық кооперативтерге қаржы пирамидалары имиджін қалыптастырады, бұл халықтың әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешу үшін кооперацияның барлық мүмкіндіктерін пайдалануына шектеу қояды.
- Халықтың азаматтар мен заңды тұлғалардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған кооперативтердегі өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару жөніндегі заңды құқықтары мен міндеттерін түсінбеуі. Кооперативтің жарғысы және басқа да өзін-өзі реттеу құжаттары формальділік үшін жазылады.
- Кейбір шенеуніктерде тәжірибенің, тиісінше, тұтыну кооперативтеріндегі халықтың өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару тетіктерінің маңыздылығын түсінудің болмауы. Кооператив ішіндегі позициялар мен даулардың демократиялық процестерін олар жанжал ретінде қабылдайды.
Мұндай қате қабылдау – тоталитаризм ойлауының атавизмі, онда адамдар арасындағы даулар мүмкін емес және барлығы тек келісуге және басшылықтан өзгеше пікірде болмауға тиіс. Бұл түсінбеушілік олардың азаматтар мен кооперативтердің заңды құқықтарын бұзуына әкеледі.
Кооперативтің заңды тіркелген жарғысын және «Тұтыну кооперациясы туралы» Заңды түсінбеу немесе қабылдамау айқын көрінеді. Кейбір соттардың шешімдерінің мазмұны мен тергеу органдарының кейбір қызметкерлерінің әрекеттері осы тезисті растайды.
Сонымен қатар, ҚЭТ органдарымен өзара іс-қимылдың оң тәжірибесі бар, мұнда ҚЭТ қызметкерлері ашықтықты, айқындықты және халықпен жұмыс істеуде жоғары кәсібилікті көрсетті. Бұл оларға барлық тергеу іс-шараларын тиімдірек жүзеге асыруға және сонымен бірге әлеуметтік шиеленісті тудырмауға мүмкіндік берді.
[Резолюция мәтінін жүктеп алу]