Қазақстан Республикасының кооперативтері мен экономикалық қауымдастықтардың басқа да формаларының ұлттық қауымдастығы ӨРҮ ЗТБ – Қазақстан Республикасында кооперативтер мен экономикалық қауымдастықтардың басқа да түрлері арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру әдістемесін ілгерілететін ұйым.
Бұл ұйым Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген.
Қауымдастық Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан республикалық қауымдастық ретінде аккредитациядан өткен және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тізілімінде Өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде аккредиттелген.
БАСҚАРУ(толығырақ)РЕТТЕУШІ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ҚҰЖАТТАР (толығырақ)ҚАЙ КІМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ (толығырақ)ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ (толығырақ)АКСЕЛЕРАЦИЯ(толығырақ)
Қазақстан Республикасының кооперативтері мен экономикалық қауымдастықтардың басқа да формаларының ұлттық қауымдастығының миссиясы:
Қазақстан халқының әл-ауқатын экономикалық қауымдастықтарға халықты белсенді тарту мәдениеті арқылы арттыру.
Экономикалық қауымдастықтар – бұл азаматтардың ерікті бірлестігі, олар өзін-өзі ұйымдастыру, өзара көмек, мәселелерді бірлесе шешу, күш-жігерді, ресурстар мен идеяларды үйлестіру арқылы өмір сүру, демалыс және еңбек ету орындарында өмір сапасын арттыруға бағытталған экономикалық пайда жасау қағидаттары негізінде әрекет етеді. Экономикалық қауымдастықтар Қазақстан Республикасының әділет органдарында тұтыну кооперативтері ретінде тіркеледі.
Қазақстан Республикасының кооперативтері мен экономикалық қауымдастықтардың басқа да формаларының ұлттық қауымдастығының міндеттері:
1. Халықты, кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдарды, БАҚ пен ҮЕҰ-ды адамның, отбасының және өңірдің әл-ауқатын арттырудың өзін-өзі ұйымдастыру жүйесі әдістемесі бойынша оқыту және кеңес беру.
2. Экономикалық қауымдастықтар мен кооперативтердің қызметіне қатысу туралы шешім қабылдаған халықтың экономикалық мүдделерін қорғайтын ұйымдар мен өзге де бірлестіктер желісін құру және құқықтық құжаттарды әзірлеу.
3. Кооперативтер мен экономикалық қауымдастықтардың басқа да формалары үшін өзін-өзі реттейтін ұйымның функцияларын іске асыру, соның ішінде стандарттар, талаптар, сертификаттау, аттестаттау, сараптамалар мен басқа да біліктілік деңгейін анықтау формаларын әзірлеу, сондай-ақ кооперативтер мен экономикалық қауымдастықтарға қызмет көрсететін тұлғаларға қатысты дауларды шешу.
4. Мемлекеттік органдармен, өкілетті органдармен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасау, кооперативтер мен экономикалық қауымдастықтардың басқа да формаларының мүдделерін нысаналы түрде таныстыру және қорғау, Қазақстан Республикасында олардың дамуына қолайлы жағдай жасау.
5. Қазақстан Республикасының кооперативтері мен экономикалық қауымдастықтарының басқа да формаларының ұлттық қауымдастығы миссиясының ақпараттық қолдауы.
Кооперативтік кәсіпорын – бұл адам игілігі парадигмасының құжатпен расталған мәні: қауіпсіз, гүлденген және мағыналы өмірге қол жеткізу мақсатында күштерді, ресурстарды және ақылды біріктіру.